Смартфонға көп қараған баланың ми қабыршықтары қатады – Оразкүл Асанғазы

26 Қыркүйек 2022, 17:50
983
Бөлісу:
Смартфонға көп қараған баланың ми қабыршықтары қатады – Оразкүл Асанғазы
Фото: автордан

Бұл туралы қоғам қайраткері Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Kitaptime – 2022» жалпы республикалық кітап фестивалінде айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Қазір ешкімге жасырын емес, балаларымыз смартфонға телміріп қалды. Смартфонға көп қараған баланың ми қабыршықтары қатады. Ал кітап оқығанда мидың нейрондары жұмыс істейді. «Бабалар сөзі» жинағының 100 томдығымен қоса қаншама керемет кітаптарды балаларға оқытуымыз керек. Мен «Үш байлық» қоғамдық бірлестігі арқылы Ұлттық академиялық кітапханада аптасына екі рет ата-аналарға баласымен бірге кітап оқу жөнінде дәріс өткізбекпін. Менің сабағыма келем деген ата-аналарды Ұлттық кітапханаға шақырамын, - деді Оразкүл Асанғазы. 

Ол сондай-ақ Бауыржан Момышұлының «Мен үш нәрседен қорқамын. Өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, өзінің немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын» деген сөзін тілге тиек етіп, ертегі мен жырдың маңызын айтты. 

Біздің салт-дәстүріміз бен тарихымыз ертегі, жыр, терменің ішінде. Қай жастағы балаға болсын оқымайсың деп айтқанша, ата-ананың өзін оқыту керек. Сондықтан баланы ата-анасымен бірге оқытатын дәріс болады, онымен қоса тек ата-аналарды оқытатын дәріс бөлек болады, - деп айтты қоғам қайраткері.

Kitaptime фестивалінде кітап туралы ойын Ресей ынтымақтастық агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Ольга Филонова да ортаға салды. 

Қазіргі телефон мен компьютерге кіріп кеткен жастарымызға кітап оқығанда ешқашан зерікпейтінін, жалғызсырамайтынын жеткізу керек. Пушкин айтпақшы, «білім алудың негізі – кітап оқу, - деді ол.   

Өзгелердің жаңалығы