Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолданушы смартфонын өшірмей, түні бойы қуаттаса, құрылғы батареясы 100%-ға жетсе де бұл аккумулятор ресурсын азайтады. Бұл туралы Business Insider басылымына BatterieIngenieure компаниясының директоры Доминик Шульте мәлімдеді.
Сарапшының сөзінше, смартфон батареясының ресурсы оның қуаты 30-50% болған кезде баяу төмендейді. Ол гаджеттерді таңертең қуаттауға кеңес берді.
Business Insider барлық литий-ионды аккумуляторлар химиялық құрамының өзгеруі салдарынан ескіреді, осыған байланысты олардың қызмет ету мерзімі шектеледі. Бұдан бөлек, сіз гаджетіңізді екі жыл сайын немесе одан да аз уақытта ауыстырып тұрсаңыз, смартфон батареясына күтім жасаудың қандай әсер беретінін байқамауыңыз мүмкін.
Бүған дейін Mail.ru-дың Hi-Tech техника порталының жетекшісі Дмитрий Рябинин смартфонды 100% қуаттау да аккумулятор қызметінің мерзімін қысқартатынын айтты.