Смартфондардағы мемқызмет өткен жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға өскен

13 Қыркүйек 2022, 11:07
4107
Бөлісу:
Смартфондардағы мемқызмет өткен жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға өскен

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин  айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда ең сұранысқа ие қызметтер смартфондарда қолжетімді. Өткен жылмен салыстырсақ, өткен жылмен салыстырсақ, оларды қолдану 17,5 пайызға өскен. Сервистердің Халық және Каспий сияқты танымал платформаларда болуы аталған көрсеткішке оң әсерін тигізді. Сондай-ақ 9 мемлекеттік қызмет түрін халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, бейне-қызмет арқылы алу мүмкіндігін іске асырдық. Жыл соңына дейін олардың санын 44-ке дейін жеткіземіз, - деді Бағдат Мусин.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы