Smart Astana қосымшасы арқылы көмірдің бары мен бағасын біле аласыз

8 Қараша 2022, 14:21
839
Бөлісу:
Smart Astana қосымшасы арқылы көмірдің бары мен бағасын біле аласыз

Енді Smart Astana қосымшасын пайдалана отырып, көмірдің бар-жоғын, сату орталығының мекенжайын, бағасы мен сапасы туралы ашық ақпаратты көруге болады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Көмірдің бар-жоғы туралы күнделікті ақпаратты Астана қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы береді. 

Smart Astana арқылы баға мониторингі онлайн форматта жүргізіліп, көмірдің жетізу уақытын көруге болады. 

Сондай-ақ көмірдің түрі мен бағасы сұрыпталып, өзіңіз қалайтын түрін таңдай аласыз. Сол сияқты пайдаланушы көмір сату орнын өзіне жақын етіп таңдай алады. Сатып алушыға ыңғайлы болу үшін қызмет көрсетушінің байланыс телефондары көрсетілген.

 Сату орнында көмір болмаса немесе оның бағасы тым жоғары болса, басқа да себептермен қызмет көрсету көңіліңізден шықпаса, Smart Astana мобильді қосымшасында пікір қалдыру не шағым жазу мүмкіндігі бар.

Өзгелердің жаңалығы