Солтүстік Қазақстанда 3 градусқа дейін күн суытады

2 Қыркүйек 2019, 15:08
1660
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда 3 градусқа дейін күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері екі облыста дабылды ескерту жасады.                      

«Түнде 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі», - делінген хабарламада.

3 қыркүйекте Қостанай облысының таңертең және күндіз кей жерінде найзағай, түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 3 қыркүйекте найзағай күтіледі. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

 

Өзгелердің жаңалығы