СҚО полицейлері заңсыз сақталған қару-жарақтарды тәркіледі

20 Ақпан 2021, 14:12
2004
Бөлісу:
СҚО полицейлері заңсыз сақталған қару-жарақтарды тәркіледі

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. СҚО полицейлері екі күннің ішінде заңсыз сақталған жеті қаруды тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz. 

Бүгінгі таңда СҚО-да 7292 азаматтық қару иесі тіркелген. Оларда 12270 қару бар, оның ішінде 998-і ойықты. Қарудың қылмыста пайдалану қаупін төмендету мақсатында полицейлер ақпанның 17-сі мен 19-ы аралығында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Тәртіп сақшылары қару иелерін тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексереді. 

Тәжірибе көрсеткендей, солтүстікқазақстандықтар қаруға арналған сейфтерде бөгде заттарды сақтайды. Бұлай істеуге болмайды. Қаруға қатысты құжаттардың өзі бөлек сақталуы керек. Тағы бір қауіпті бұзушылық – жұмыс істемейтін сигнализация. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларымен өткізілетін бірлескен тексерістер кезінде қаруды заңсыз сақтау фактілері анықталды.

Мәселен, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұрғыны атасынан қалған 16 калибрлі екі ұңғылы мылтықты сақтаған. Полицейлер қару иесі қайтыс болған жағдайда бір айдың ішінде қаруды аумақтық полиция бөліміне сақтауға тапсыру қажеттігі туралы ескертеді, кейін қаруды өз атына ресімдеу немесе сатып жіберу туралы шешімді қабылдау қажет. 

Қаруды тіркеу бойынша шара қабылдамаған ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша материал жинастырылды. 

Жалпы заңсыз сақтаудағы жеті бірлік қару алынды. 2,5 мыңнан астам қару иесі тексерілді, оның 60-сы сақтау ережелерін, 17-сі тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Полицейлер заңсыз қару айналымына қатысты барлық сұрақтар бойынша 39-48-66 немесе 39-48-68 телефондарына жүгінуді ұсынады, – деді СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.


Өзгелердің жаңалығы