СҚО полицейлері интернет-алаяқтықпен қалай күресіп жатыр?

8 Тамыз 2021, 16:33
2671
Бөлісу:
СҚО полицейлері интернет-алаяқтықпен қалай күресіп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлерімен интернет-алаяқтыққа қарсы күресу үшін әлеуметтік желілерде аккаунттар құрылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық және қалалық полиция ведомствосының криминалдық полиция басқармасы жедел уәкілдерімен СҚО-да интернет-алаяқтықты ескерту бойынша ресми instagram-аккаунттары ашылды.

Cyberpolice_sko және Anti_fraud_15 – заманауи технологияларды пайдаланумен байланысты алаяқтықты ескерту және ашу желісі бойынша жұмыс істейтін жедел уәкілдердің ресми аккаунттары осылай аталады. Аккаунттар көктемде құрылды, алайда бүгіннің өзінде 1600-ден астам нақты қолданушысы бар. Instagram әлеуметтік желісі кездейсоқ таңдалып алынған жоқ – СҚО-да түрлі жастағы адамдар мен түрлі маман иелері арасында дәл осы алаң танымал.

Полицейлер пабликтер ленталарына ұсынымдар, жадынамалар мен жалған аккаунттар туралы ақпараттар, сондай-ақ профилактикалық бейнероликтер орналастырып тұрады.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климовтың сөзінше, әлеуметтік желілердегі жұмыстармен қатар криминалдық полиция қызметкерлері жадынамалар мен буклеттер тарату бойынша акцияларды ұдайы өткізіп тұрады. Сондай-ақ облыс орталығында алаяқтықты ескерту бойынша баннерлер орнатылған. Күн сайын оқушылар сарайының LED-экранында 30 секундтық тақырыптық бейнеролик көрсетіліп тұрады.

Сонымен қатар бейнерликтер денсаулық сақтау мекемелерінде, банктер мен сапаржай залдарындағы теледидарлардан көрсетіледі. Осы тақырыптағы үгіт материалдары 100 автобусқа орналастырылған. Желідегі алаяқтардың құрығына түсіп қалмаудағы басты кеңес – интернетте қаржы оперцияларын жасау кезінде ешқашан асықпаңыз. “Төлемді растау” тетігін баспас бұрын – бірнеше рет тексеріп, ақпаратты қайта-қайта қарап, нақтылау үшін өз банкіңізбен байланысқан дұрыс. Сонымен қатар, үшінші адамға қандай жағдай болмасын жеке мәліметтеріңізді, картаңыздың нөмірлерін, кодтарын, құпия сөздер мен SMS-тің мәліметтерін айтпаған жөн.

Криминалдық полиция басқармасының ақпаратынша, интернет-алаяқтар солтүстікқазақстандықтарды көбіне “Колеса”, “Крыша”, OLX және Instagram танымал сайттарын пайдалану арқылы алдап жатады. Автокөлік, киім-кешек, аксессуарлар, пәтер жалға алу, жұмысқа алу – алаяқтар түрлі айла-амалдарды пайдаланады, маусымға байланысты. Биылғы жылғы жеті айдың ішінде криминалдық полиция қызметкерлерімен 637 хабарландыру тексерілді, оның 61-і сайт әкімшілігі арқылы бұғатталды. Облыста жыл басынан интернет-алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы