СҚО-ның 20 жастағы тұрғыны 500 сағатқа сотталды

6 Қараша 2020, 13:03
1531
Бөлісу:
СҚО-ның 20 жастағы тұрғыны 500 сағатқа сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғыны 500 сағатқа сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. 

Жазаның бұл түрі қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға ең көп 1 200 сағат, ал ең аз 20 сағатқа сотталуы мүмкін.

Қоғамдық жұмыстарды орындаудан мерзімінен бұрын босату заңда көзделмеген. Облыс орталығында қоғамдық жұмыстарға сотталған үш адам жазасын өтеп жатыр. Сотталғандар жыл мезгіліне байланысты қаланы абаттандыру бойынша жұмыстарды орындайды, жаз мезгілінде гүлзарларды, саябақтарды, көшелерді жинайды, қаланы көгалдандырумен айналысады. Қыс мезгілінде негізінен қар тазалау жұмыстары жүргізіледі. 

Төтенше жағдай және коронавирустық инфекцияны таратпау бойынша карантиндік шаралар кезеңінде жоғарыда аталған сотталғандар ерікті негізде автобус аялдамалары мен тұрғын үйдің кіреберістеріне дезинфекция жүргізіп, өз жазасын орындап қана қоймай, қоғамға пайда әкелгенін атап өту қажет, – деп түйіндеді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.
Өзгелердің жаңалығы