СҚО: Мағжан Жұмабаев ауданында хоккей корты ашылды

16 Наурыз 2021, 04:27
1540
Бөлісу:
СҚО: Мағжан Жұмабаев ауданында хоккей корты ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында хоккей корты ашылды. Бұл туралы облыс басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Биыл қыс мезгiлiнде бiз аудандарда үшiншi хоккей кортын ашып отырмыз. Новоишимка мен Мамлюткадан кейiн эстафетаны Булаево қабылдап алды. Жаңа «Жастар» хоккей корты «Батыр Баян» спорттық-сауықтыру орталығы мен жаңа стадионның жанында орналасқан. Сөйтiп, бiрыңғай спорт кешенi құрылды. Кешенде ауданның 120 тұрғыны спортпен айналысады. Жаңа кортта хоккей секциясына тағы 100 адам тартылмақ. Шорт-трек үйiрмесiн де ашу жоспарланған, – деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.

Өңірде тағы 2 хоккей кортының құрылысы жалғасуда. Аймақта биыл хоккей орталықтарының желiсi айтарлықтай өспек. Тағы 7 хоккей кортын салу үшін қаражат бюджетке қарастырылған. Осылайша, хоккей кешендерi бүкiл облыс бойынша жұмыс iстейтiн болады.

Аймақ басшысының айтуынша, бұл өңiрде хоккейдi жүйелi түрде дамытуға мүмкiндiк бередi.



Өзгелердің жаңалығы