Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдағы Первомай көшесiнде халықтың әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылған азаматтарына 2 көпқабатты үй салынған. Бүгінде 186 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бұрын бұл жерде 4 апатты екi қабатты үй тұрған едi. Бұл үйлердiң тұрғындары тұрмыстық жағдайларын жақсартып, жайлы пәтерлерге ие болды, - деп жазды өз парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.
Жалпы, облыста биыл 3 мың пәтер салынады, оның 625 пәтерi мұқтаж азаматтарға арналған. 11 мың солтүстiкқазақстандық қоныс тойын тойлайды. Өңiрдегi 125 көпбалалы отбасы көптен күткен баспанаға ие болады. Биыл аудандарда кезекке тұрғандарға арналып 7 көпқабатты үй салынды.
2021 жылы «Береке» ықшам ауданында 556 пәтерлi 5 көп қабатты үйдiң құрылысы аяқталады. Бұл 130 көпбалалы отбасы мен әлеуметтiк топтардағы 400-ден астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкiндiк береді.