Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Скляр пиджакты қайдан сатып алатынын айтты

31 Шілде 2025, 11:36
1186
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр отандық өнімді тұтынуға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі ретінде отандық өндірушілеріміздің өнімдерін: ол тіпті, азық-түлік болсын, киім-кешек болсын, сатып алуға тырысамын. Бұл жерде пиджагымды шешіп көрсеткенім орынсыз болар, - деп қысқа қайырды Роман Скляр.

Еске салайық, Үкіметте вице-премьер және салалық министрлік басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

Баспасөз конференциясында вице-премьер тұрғын үй бағасы мен бензиннің қымбаттауына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы