Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді

5 Сәуір 2024, 18:04
278
Бөлісу:
Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

Роман Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 сәуірде премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Жиында жанар-жағармай нарығындағы ағымдағы жағдай қаралып, отынды елімізден заңсыз әкетудің жолын кесу шаралары талқыланды.

Энергетика министрлігі өкілінің баяндамасында қазақстандық бағаның көршілес елдермен диспаритетіне байланысты ЖЖМ ағындары мен «жасырын» экспортының қаупі бар екені атап өтілді.

Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында ҚМА, ҰҚК ШҚ, ҚМ МКК және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шекаралық өткелдерде ЖЖМ әкетуді бақылау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шетел жүк көліктері үшін шекара маңындағы АЖС-ға сараланған бағаларды белгілеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы