Скляр автонесие туралы: 188 млрд бөлдік, әрі қарай біздің жұмысымыз емес

17 Ақпан 2023, 14:36
1263
Бөлісу:
Скляр автонесие туралы: 188 млрд бөлдік, әрі қарай біздің жұмысымыз емес

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдікпен автонесие бойынша жақында іске қосылған бағдарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Автоенесиелеу бойынша сұрақтарыңызбен  «Бәйтерек» холдингіне жүгіну қажет деп есептеймін. Үкімет өз тарапынан жұмысты орындады. Бюджеттен «Бәйтерек» холдингі мен оның жеңілдікпен несиелендіру құрылымына 88 млрд теңге бөлінді. Утильалым қаражатынан 100 млрд теңге берілді. Барлығы 188 млрд теңге айналымда, бағдарламаны жаңартпалы түрде қаржыландыруда. Бағдарлама шын мәнінде өте танымал, сұранысқа ие. Бірақ біз оған салған қаражаттың мөлшері – 188 млрд әзірге жеткілікті. Біз бұдан былай жақын арада айналымдық қаражатты ұлғайта алмаймыз. Өйткені біздің одан басқа да маңызды мәселелеріміз бар, - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары Сенатта өткен Парламент тыңдалымынан соң журналистерге берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол бөлінген қаражатқа кедергі келтіріп отырмағандарын айтты. 

Бағдарлама іске қосылды. Бірақ берілетін несиелердің саны сұрақ тудырып отыр. Қаржыландыру жаңартпалы түрде жүргізіледі, ол қаражатқа біз тиіспейміз. Бұл жұмысты әрі қарай «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес құрылымдарымен бірге жүргізеді, - деді Роман Скляр. 

Өзгелердің жаңалығы