Әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі өзгерді

25 Шілде 2020, 12:00
2982
Бөлісу:
Әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әскери оқу орындарына талапкерлерді қашықтықтан қабылдау туралы шешім қабылданды.

Әскери институтқа түсу үшін 27 шілде мен 11 тамызда, Кадет корпусына қабылдану үшін 1 және 20 тамыз аралығында қабылдау комиссиялары талапкерлердің ҰБТ-ны тапсыру, психологиялық тестілеу нәтижелері және жергілікті әскери басқару органдарының медициналық комиссияларының қорытындылары, сондай-ақ білім туралы құжатта көрсетілген дене шынықтыру даярлығы бойынша бағалар бойынша жасалған жиынтық рейтингтік кесте негізінде кандидаттарды қабылдайды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, "Жас ұлан" республикалық мектебіне қабылдау математика, оқыту тілі және дене шынықтыру бойынша негізгі орта білімді бітіргені туралы куәлікте көрсетілген бағалар, ата-аналар берген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама негізінде 2020 жылдың 3-7 тамыз аралығында түсушілердің қатысуынсыз өтеді.

Жергілікті әскери басқару органдарында әскерге шақыру комиссияларымен талапкерлерді медициналық куәландыру, кәсіби-психологиялық тестілеу, оқу орындарына құжаттарды жинау және ұсыну ұйымдастырылды.

Іріктеу аяқталғаны, қабылдау комиссиясының шешімдері және іріктелген кандидаттардың келу мерзімдері туралы ақпаратты көрсетілген сайттарда танысуға болады:

- Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты – viires.kz

- Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты – visvo.mil.kz

- Құрлық әскерлерінің Әскери институты – по номерам телефонов: 8 (727) 290-16-09, 8 (727) 290-16-41

- Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусының байланыс нөмірі: 8 (71636) 4-15-20, 8-776-171-09-79, 8-700-983-25-99, 8-747-354-14-13.

- «Жас ұлан» РМ Нұр-Сұлтан қ. – zhasulan.mil.kz

- «Жас Ұлан» РМ Алматы қ. – 8 (7273) 09-73-53, 8-778-421-75-12.

- «Жас Ұлан» РМ Шымкент қ. – miled.kz

- «Жас ұлан» РМ Қарағанды қ. – zhasulan-krg.kz

Іріктеуден сәтті өткен талапкерлер оқу орнына келер алдында CОVID-19-ға тест тапсырып, нәтижелерін көрсетуі қажет. Карантиндік шараларға сәйкес олар екі апта бойы оқшаулауда болады. COVID-19-ға тапсырған тестте оң нәтиже шыққан талапкерлер қайта толық сауыққаннан кейін қайта тапсырылған медициналық тест нәтижелері болған жағдайда оқу орнына келе алады.

Өзгелердің жаңалығы