Әскери бөлімнен қару ұрлап қашқан сержанттың сыбайластары ұсталды

<p> Тінту барысында қару-жарақ тәркіленіп алынды. </p> <p> &nbsp; </p>

 24 Ақпан 2020 2020, 20:58
24 Ақпан 2020 2020, 20:58
1844

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.   Тінту барысында қару-жарақ тәркіленіп алынды. 

20 қаңтар күні Шымкент қаласының маңындағы әуеге қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің бірінен келісімшарт бойынша кіші сержант Абылай Балғынбай  бөлімнен өз еркімен шығып кеткен болатын.

Сол күні кешке ҰҚК мен ІІМ қызметкерлері сержант пен оның екі сыбайласын ұстаған болатын.

Тексеру барысында олардан ұрланған қару-жарақ табылды. Тергеу сотының санкциясымен ұсталған адамдар қамауға алынды. Сонымен қатар, өз қызметіне салғырт қараған әскери бөлімнің басшыларына қатысты мәселе қарастырылуда. Тергеу ісі жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының маңындағы әуеге қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің бірінен келісімшарт бойынша кіші сержантА. Балғынбай  бөлімнен өз еркімен шығып кеткен болатын. Кешкісін оны ұстаған болатын.


Наверх