Өскемендіктер шалшық арнаны тазарту үшін сенбілікке шықты

21 Мамыр 2019, 10:15
1617
Бөлісу:
Өскемендіктер шалшық арнаны тазарту үшін сенбілікке шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен тұрғындары «Заречный» базарының артындағы шалшық арнаны тазарту үшін бірінші рет сенбілікке шықты. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Бір кезде «Комендантка» деп аталған арнаның Нұрсұлтан Назарбаев даңғылымен қиылысар тұсы халықтың серуен алаңына айналғаны белгілі. Ал оның басы мен аяғының жағдайы көңіл көншітпейді. Бәз-баяғыша борсып, иістеніп, маңайы ыбырсып жатыр.

Жуықта Абай даңғылы мен Ғарышкер көшесінің аралығындағы арнаны тазартуға сол маңай тұрғындары сенбілікке шықты. Халық болып жинаған қап-қап қоқысты шығаруға «Өскемен-Тәртіп» мекемесі мен жергілікті өзін-өзі басқару комитеті көмектесті.

Осы тұста қала тұрғындарының «Амурская көшесінің тұсынан бітіп қалатын аллея Виноградов көшесіне дейін созылса, нұр үстіне нұр болар еді» деген тілегі барын айта кеткен жөн болар. Себебі, арнаның ол тұсы да қалың қамыс құрсауында.

Өзгелердің жаңалығы