Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскемендегі Серікбаев көшесі кеңейтіледі

7 Қаңтар 2019, 15:26
2281
Бөлісу:

Астана, baq.kz. Өскемендегі Серікбаев көшесі кеңейтіледі. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Өскемендегі Серікбаев көшесі кеңейтілетіні туралы қала басшысы Жақысылық Омар мәлімдеді.

«Орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп қойды», - деді ол.

Нақтырақ айтсақ, Потанин және Карбышев көшесіндегі айналма шеңберлер арасындағы жол бөлігі 11,5 метрге дейін кеңейтіледі деп болжануда. Қайта жөндеудің көп бөлігі Комендантка жағалауының есебінен жүргізілмек. Нәтижесінде Серікбаев – үш жолақты көшеге айналады. Ортаңғы жолақ реверсивті болмақ. Яғни онымен көліктер легі көп болған жағдайда екі бағытта да жүруге болады.

Өзгелердің жаңалығы