Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскеменде қыркүйек айына дейін үш мектеп салынады

8 Қаңтар 2019, 13:59
1944
Бөлісу:

Астана, baq.kz. Өскемен қаласының білім ордаларының қатары осы жылы тағы үш мектепке артады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, биыл пайдалануға берілетін мектептердің бірінің құрылысы 19-шы шағын ауданда жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары маусым айында толық аяқталмақ.

Одан бөлек Ахмер кентінде салынып жатқан мектеп пен Жаңа Соградағы №23 мектептің ғимаратына қосымша салынып жатқан корпус та осы жылы пайдалануға берілетін болды.

Өзгелердің жаңалығы