Өскеменде трамвайдың рельстері жаңартылатын болды

2 Тамыз 2019, 20:36
1631
Бөлісу:
Өскеменде трамвайдың рельстері жаңартылатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен көлік компаниясы директорының міндетін атқарушы Михаил Чайканың айтуынша, биылғы кәсіпорынға бөлінген 250 миллион теңгеден трамвай жолдарын ауыстыруға қаражат қарастырылды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Қазіргі уақытта тек қана қежетті құрал-саймандардың келуі күтілуіде. Одан соң дереу іске кірісіп кетпек.

«Трамвай Өскеменнің басты көліктерінің бірі болып келген, солай бола да береді. Алдағы уақытта трамвай жұмысын жақсартуға барынша күш саламыз. Мәселен, осыдан бұрын 2700 шақырым ұзын жолдың ток өткізгіш сымдарын ауыстырдық. Бұл – үлкен шаруа. Енді рельстер жаңартылады», - деген ол темір жолды ауыстыру жұмысы қар жауғанға дейін жүргізілетінін айтады.

Расымен де облыстың басты қаласында соңғы кезде трамвайлардың мәшинелермен соқтығысуы жиілеп кетті. Соның барлығы ток сымдары мен шойын жолдың тозғандығынан екені жасырын емес.

Өзгелердің жаңалығы