Өскеменде стюбпен сырғанаған қыздарды көлік қағып кетті 

13 Қаңтар 2020, 22:30
1610
Бөлісу:
Өскеменде стюбпен сырғанаған қыздарды көлік қағып кетті 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде таудан стюбпен сырғанаған бойжеткендер жолға шығып кетіп, зулап келе жатқан көлікке соғылды, деп хабарлады Алтайньюс. 

Оқыс оқиға 11 қаңтар күні кешкі сағат бес шамасында болған. "Шешек" асуы ауданындағы ескі жолдың бойындағы таудан сырғанаған қос бойжеткен жолға дейін шығып кетіп, көлікке соғылды. "Nissan" маркалы автокөліктің рөлінде 1980 жыл туған азамат болған, деп жазылған ШҚО баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ал түрлі дене жарақатын алған қыздар бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуі де 24 жаста. Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстың Кодексінің 345 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы