Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменнің жұмыссыз тұрғыны пәтерге ұрлыққа түсіп, балкон арқылы кір жуатын машинаны алып кетті.
Алтайньюс сайты хабарлағандай, үйдің иесі полицияға арызданды. Айтуынша, белгісіз біреулер 12-14 қазан аралығында пәтерге балкон арқылы кіріп, "Electrolux" маркалы кір жуатын машинасын алып кетіпті.
Оқиға Белинский көшесінің бойындағы үйлердің бірінде болған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қоғалып, күдікті ұсталды. Анықталғандай, ұрлық жасаған 48 жастағы жұмыссыз жүрген қала тұрғыны екен. Ол кінәсін толық мойындап отыр.