Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде ауылшаруашылық өнімдерін саудалайтын ірі орталық салынады, деп хабарлады Алтайньюс.
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді.
Жібек жолының бойында ауылшаруашылық өнімдерінің сауда орталығы салынады. Әр ауданның шаруалары бір шатырдың астында сауда-саттық жүргізе алады. Бұл сатушы және алушы тарапқа қатар тиімді. Саудагерлерге тоңазытқыштар ұсынылады. Олар экологиялық таза әрі сапалы өнімдерін тиімді бағада сатуы тиіс, – деді Жақсылық Омар.
Қала басшысының айтуынша, нысанның құрылысы осы жылы басталады.