Өскелең ұрпақтың тәрбиесі алаңдатып отыр – ІІМ

24 Маусым 2020, 15:56
2358
Бөлісу:
Өскелең ұрпақтың тәрбиесі алаңдатып отыр – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өскелең ұрпақтың тәрбиесі алаңдатып отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев онлайн өткен дөңгелек үстел барысында айтты.

 
Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі ел бойынша өзекті болып отыр. Соңғы 4 жылда зорлық-зомбылық фактісі 2 есеге артқан. Биыл ол көрсеткіш 25%-ға көбейіп отыр. Өлім фактісі 3%-ға, денсаулыққа мақсатты түрде зиян келтіру 16%-ға көбейді. Бұл көрсеткіштердің артуына коронавирус пандемиясы әсер етті. Бұл кезеңде 20 мыңнан астам зорлық-зомбылыққа қатысты өтініш келіп түсті, - деді ол. 

Оның айтуынша, бұл қиын кезеңде олар да қол қусырып отырмаған.
Полицияға зорлық-зомбылық туралы хабар беру бойынша ІІМ Бас прокуратура жанындағы қауіпсіздік кеңесінің аппаратымен арнайы алгоритм орнатты. Өзін-өзі оқшаулау кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 2500-ден астам құқық бұзушылық фактісі тіркелді. ІІМ де бұл саладағы заңға бірқатар өзгертуді ұсынды, - деді ол. 

Мұрат Баймұқашевтың айтуынша, балаға отбасында дұрыс тәрбие беру керек. 
Қазір өскелең ұрпақтың тәрбиесі алаңдатып отыр. Отбасында балаға дұрыс тәрбие беру керек. Әйел мен анаға деген құрметті арттыру бойынша құндылықтарды санасына құю керек. Жасөспірімнің отбасындағы сапалы тәрбиесіне қоғамдағы мінез-құлқы тәуелді болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы