Сіздер бүгінгінің нағыз батырларысыздар

22 Шілде 2020, 12:35
1285
Бөлісу:
Сіздер бүгінгінің нағыз батырларысыздар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық танымал тележүргізуші Екатерина Краснова әлеуметтік желідегі оқырмандарына коронавирустан жазылып шыққанын айтып, дәрігерлерге алғыс білдірді.

Мені ауруханадан шығарды. Ең алдымен, COVID-19-ды жай тұмау деп жүргендерге айтарым – мен көрген қиындықты көрмеңіз. Бұл дертті жеңіл еңсеру мүмкіндігі барлығына бірдей берілмейді. Сонымен қатар, ешкім аурудың кері әсерінен өтіп кете алмайды. №12 қалалық аурухана дәрігерлеріне - Талғат Бейсебаев, Андрей Масасин, бөлім меңгерушісі Осман Қадыров және сол жердегі барлық медициналық қызметкерге кәсіби қызметі мен науқастарға көрсеткен қамқорлығы үшін алғысым шексіз. Сіздердің еңбектеріңізге баға жетпейді. Бүгінгінің нағыз батырларысыздар, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы