«Сіз кімсіз, Қажыкен мырза?» - Тұрсынбекова қарсыласының артында кім тұрғанын сұрады

11 Қараша 2022, 21:24
1080
Бөлісу:
«Сіз кімсіз, Қажыкен мырза?» - Тұрсынбекова қарсыласының артында кім тұрғанын сұрады

Бұл туралы «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ атынан президенттікке ұсынылған Салтанат Тұрсынбекова телевизиялық дебат кезінде қарсыласы Мейрам Қажыкенге осындай сауал тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ел басқаруға үміткер Салтанат Тұрсынбекова теледебат кезінде өзінің оппоненті Мейрам Қажыкеннен оның артында кім тұрғанын сұрады. 

Мен бұл жерде тұрғандардың басым көпшілігін білемін. Алайда сіз туралы мәлімет аз. Сіздің науқаныңыз реңсіз. Сіз кімсіз, Қажыкен мырза? Сіздің артыңызда кім тұрғанын білуге бола ма?» деген сауал қойды Тұрсынбекова қарсыласына. 

Мені әріптестерім, соның ішінде шетелдік әріптестерім мен туралы жазылған жарияланымдардан, түрлі ғылыми конференциялардан біледі, - деп жауап берді Қажыкен. 

Еске сала кетейік, «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде президенттікке кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан телевизиялық дебат өтіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы