Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басымен салыстырғанда республика бойынша қарақұмық жармасы, күріш, бірінші сұрыпты ұн мен нан, сиыр және тауы етінің бағасы қымбаттаған. Күнделікті тұтынылатын азық-түліктің шарықтап кетуіне не себеп?
Бұл сұраққа Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметов бүгінгі брифинг барысында жауап берді.Қарақұмық жармасы 69,9 %-ға қымбаттады. Биылғы жылдың соңғы айлары қазақстандық қарақұмық жармасына бағалардың күрт өсуіне Қазақстанда, Ресейде, Беларусьта өнімнің тапшылығы негізгі себеп болды. 2019 жылы қарақұмықтың егін алаңы 30%-ға (ҚР-да 42%-ға, Беларусьте - 21%-ға, Ресейде 20%-ға) қысқартылды. Ағымдағы жылы Ресейде, Украинада, Беларус-та 5 жылда қарақұмықтың ең аз өнімі күтілуіне байланысты қарақұмық бағасы өсті, - дейді тиісті органның басшысы Рустам Ахметов.
Күріш импортының 3,3 есе, яғни 3,9 мың тоннадан 13,1 мың тоннаға дейін өсуіне байланысты ақ маржан 31,5 %-ға қымбаттаған.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте РФ-да бағалардың 8,3%-ға 65,2 руб./кг (368,5 теңге/кг) 70,6 руб./кг (420,2 теңге/кг) өсуіне байланысты, ресей рубліне теңге бағамының өсуін ескере отырып Ресейде баға теңгеге шаққанда 14%-ға өскен. Өзбекстан мен Түркменстан тарапынан қазақстандық күрішке сұраныстың артуына байланысты күріш бағасы қымбаттаған көрінеді. Себебі осы елдерге экспорт 22 есе артқан.
Бәрінші сұрыпты ұн мен нан 29,7 және 13,3 %, ал рожки 17,4 %-ға қымбаттады. Ағымдағы жылы Қазақстанда егістің қысқаруы (2018 жылға қарағанда 3,1 млн. тоннаға аз) салдарынан бидай бағасының өсуіне орай ұн, нан мен рожки бағалары өсті. 3 сыныпты бидайға ішкі бағалар 1 тонна үшін 58-ден 70 мың теңгеге қымбаттады (+20%), - деп жауап берді Комитет төрағасы.
Сиыр еті 16,1 %-ға неге қымбаттағанын Ахметов былай түсіндірді.
Сиыр еті бағаларының өсуінің негізгі себебі тірілей Өзбекстанға ІҚМ экспортының артуы болды. Оның шеңберінде халыққа басқа мемлекеттерден мал сатып алуға жеңілдікті кредиттер берілетін Өзбекстанда фермерлікті дамыту бағдарламасы енгізілгеннен кейін нарықтық бағадан 5-10% жоғары баға ұсынатын өзбекстандық фермерлар тарапынан ұсыныс айтарлықтай өсті, бұл ет өнімдеріне бағалардың өсу себептерінің бірі болып табылады, - деп жауап берді.Бұған дейін, бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметов азық-түлік бағасы 10% қымбаттағаны туралы айтқан болатын.