Әлеуметтік желіде Рим папасының балалармен бірге «six-seven» трендін қайталаған видеосы тарады.
Оқиға Ватикандағы ресми қабылдау кезінде болған. Балалар Пападан бірнеше ишараны қайталауды өтінген.
Бұл сәттің видеосын діни қызметкер Дон Роберто Фишер жариялады.
Балалар пападан «six-seven» меміндегі қимыл мен сөзді қайталауды сұрағанда ол бұл өтінішті аяқсыз қалдырмай, бірге қайталаған.
Айта кетейік, бұл ишараның нақты не білдіретіні осы күнге дейін беймәлім. Дегенмен, рэпер Skrilla-ның «Doot (6 7)» трегі чарттарға шыққаннан кейін, «67» немесе «six-seven» тіркесі бүкіл әлемдегі жасөспірімдер арасында кеңінен танымал болып кетті.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасын Астанаға ресми сапармен шақырды.
Тағы оқи отырыңыздар:
"Біз үнсіз қала алмаймыз": Рим Папасының жанайқайы
Рим Папасы Ирандағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды
Рим Папасы Лео Венесуэла халқына үндеу жасады