Все новости за 17 ақпан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
46 кеншінің қазасы: қылмыстық іс сотқа жолданды – Бас прокурор
Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ВЖТТ Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шахтадағы апат: кеніште қалған жұмысшылардың тізімі белгілі болды
Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті Жомарт кенішіндегі үйінді астында қалған жұмысшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің 15-қабатынан секіріп кетті
Астанада жасөспірім қыз көпқабатты үйдің 15-қабатынан секіріп кеткен. Бұл туралы мәлімет @astanovka98 Telegram-арнасында шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстауда сабақтан себепсіз қалған қыздың әкесі айыппұл арқалады
Маңғыстау облысында қызының сабаққа бармағаны үшін әкесіне айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 55 мың теңгеден асқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайғылы оқиға: Ұлытау облысындағы шахтада апат болды
Бүгін Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде 640 метр тереңдікте шахтада тау массасының құлауы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.
-
Қазақстан "Дружба" құбыры арқылы Венгрияға мұнай жеткізуді жоспарлап отыр
Қазақстан мен Венгрия мұнай жеткізу және бірлескен энергетикалық жобалар туралы келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстандық әскери қызметшілер Үндістандағы аэроғарыштық көрмеге қатысты
Aero India халықаралық аэроғарыш көрмесі 1996 жылдан бері өткізіліп келеді.
-
Түркістан облысында заңсыз берілген жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті Байдібек, Түлкібас және Төле би аудандарының жергілікті атқарушы органдарына жер учаскелерін беру заңдылығына қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқушылардың білімін бағалайтын құрал халықаралық сапа белгісін алды
Оқушылардың білімін бағалайтын құрал халықаралық сапа белгісін алды
-
Сәтбаевта қоян-қолтық ұрыстан облыстық чемпионат өтті
Облыстың әр өңірінен келген 150-ден астам спортшы өзара мықтыны анықтау үшін татамиге шықты.
-
Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заң қаралады
Бүгін Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 20 ақпанда болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадағы Қонаев көшесінің бір бөлігі 19 ақпаннан бастап жабылады
Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етілетін болады.
-
Есіл ауданында заңсыз салынған 32 дүңгіршек бұзылды
Елорданың Есіл ауданында заңсыз салынған 32 дүңгіршек бұзылды. Олардың иелері жер заңнамасы талаптарын көбінесе осындай сауда орындары бұзады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қорғаныс министрі ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейдегі саяжай тұрғындары көмек сұрайды
Семейдегі "Большой Остров" саяжайының тұрғындары қалаға шығатын жалғыз көпірдің жөнделуін талап етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Берік Уәли несімен есте қалды?
Президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы болған Берік Уәли қандай жұмыстар атқарды? BAQ.KZ тілшісі шолу жасады.
-
Ақтөбе облысында бір ауданның төрт ауылында жол жоқ
Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы төрт ауылда жол салу жұмыстары бірнеше жылдан бері аяқталмай келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үш қазақстандық үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады
17-25 мамыр аралығында Қатарда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Сарыағаштық мектеп директоры "Болашақ" стипендиясын жеңіп алды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының мектеп директоры халықаралық "Болашақ" стипендиясын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Халықаралық күрес федерациясының президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Халықаралық күрес федерациясының президенті Ненад Валовичті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қатты қорқып, кекештене бастаған – Астанада балабақша тәрбиешісі баланы соққыға жыққан
Желіде балабақша тәрбиешісі балана ұрған кезекті видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қанша көлік тіркелген
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 млн 700 мың болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқушылар арасында экологиялық тәрбие бойынша сынып сағаттары өткізіледі
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық өңірінде жалғасын табуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселеcі қаралды
Жамбыл облысының прокуратурасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мәселеcін қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Серік Жұманғарин көкөніс қорын пайдалану қажеттігін айтты
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТОП-10 ел: Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келді?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 11,5 миллион шетелдік азамат келген. Бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Тәртіпті өзіңнен баста": Қонаев прокурорлары оқушылармен кездесті
"Тәртіпті өзіңнен баста" акциясы аясында Қонаев қаласының прокуратурасы білім бөлімімен бірлесіп, 9-11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Мажарстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Премьер-министр Абай облысының активіне жаңа әкімді таныстырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астаналық тұрғын жолда дрифт жасағаны үшін қамалды
Астаналық тұрғын Триумф аркасы маңында дрифт жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлытау облысында су тасқынына қарсы шаралар пысықталды
Ұлытау облысының аумағын көктем мезгіліндегі су тасқынынан қорғау мақсатында облыс әкімінің өкімімен іс-шаралар жоспары бекітіліп, арнайы штаб жұмыс істеуде. Құрам қазіргі уақытта "жоғары дайындық" режимінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбыл облысында ауруханадан 350 млн теңге ұрлаған хакер ұсталды
Өткен жылы Жамбыл облыстық балалар ауруханасына хакерлік шабуыл жасалып, соның салдарынан оның есепшотынан 350 миллион теңге ұрланған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Әйелдер күресінен ел командасы Минскіде екі алтын медаль жеңіп алды
Күрестен Қазақстан әйелдер командасы Минск қаласында (Беларусь) өткен үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведтің құрметіне арналған дәстүрлі халықаралық турнирге қатысты.
-
Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
"Түркиямен ынтымақтастықты нығайту": сенаторлар Палата отырысының күн тәртібін бекітті
Бүгін Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мұнайы тасымалданатын құбырды дрондар атқылады
Бүгін Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) мұнай тасымалдау нысаны – «Кропоткинская» мұнай айдау станциясы (МАС) дрондар шабуылына ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық робототехника және дрондар чемпионаты Алматыда өтеді
20-23 ақпан күндері "Атакент" орталығында Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Tech Cup — робототехника және дрондар чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
-
Тоқаев Иорданияға ресми сапармен барады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Бектенов ШҚО активіне жаңа әкімді таныстырды
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмолада браконьерлік фактісі анықталды
16 ақпан күні Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының маңында рейдтік іс-шаралар барысында РМКҚ "Охотзоопром ӨБ" инспекторлары заңсыз аңшылықпен айналысқан екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Бас прокурорды қабылдады
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Шығыс Қазақстанға жаңа әкім тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Егінсу жұрты су мәселесін көтеріп жатыр
Кезінде жасыл желекке оранған Егінсу елді мекені бүгінде құмды ауылға айналған. Ауыл жұрты облыс әкімі Бейбіт Исабаевтан шөптікке су сұрап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ТЖМ жұқа мұз үстіндегі қауіпті еске салады
ТЖМ қарашада басталған "Мұз-2025" республикалық үгіт-профилактикалық акциясының үш айлық қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жіберіледі
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл жергілікті экожүйені сақтау үшін 2,5 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында 600-ден астам жұмыскердің құқығы қорғалды
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 627 жұмыскердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда жаңа мұнай түрі өндіріледі
Қазақстанда нарықта қымбат саналатын тақтатас мұнайы өндірілмек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Украина АҚШ пен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздерге шақырылмаған
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жарияланған жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынады.
-
Енді жолаушылар пойыздардың қай жерде келе жатқанын біліп отырады
Жолаушылар үшін пойыз қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылау қызметі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мұнай өндірісін ұлғайтады
Қазақстанның Энергетика министрі ОПЕК+ елдерімен келіссөздер барысында қаңтарда мұнай өндіру көлемінің ұлғаюын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл басынан көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар қанша жәрдемақы алды
2025 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 846 мың отбасы жалпы сомасы 49,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде доллар тағы арзандады
Ұлттық банк 17 ақпанға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері артты
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 80,1 млрд теңгеге 170,8 мың адам қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шығыс Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне өтті
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең ұзын көпір жұмыс істеуде. Жоба өңірдегі көлік байланысының көпжылдық мәселесін шешуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Әлемдегі ең ақылды ЖИ": Маск жаңартылған чат-ботты таныстырды
xAI технологиялық компаниясының иесі Илон Маск «әлемдегі ең ақылды жасанды интеллектіні» Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
3,2 млрд теңге: Орта білім беруге бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалған
Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласын дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар, бұрқасын: Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер дүйсенбі, 17 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.
-
Үндістанда пойызға асыққан адамдар бір-бірін таптап көз жұмды
Үндістан астанасы Делидегі теміржол станциясында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Медбике: Жансақтау бөліміндегі жұмыс өмірді бағалауды үйретті
Ауруханада дертіне шипа іздеген жандарды емдеу, оларға күтім жасауда медбикелердің алатын орны ерекше екені баршаға белгілі. Дәл осы мамандардың шыдамдылығы, күш-жігері мен адам өмірін сақтап қалуға деген құлшынысының арқасында пациенттер өмір сүруге екінші мүмкіндік алып жатады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Біріккен күрес әлемі президенті елордадағы спорт нысандарын аралады
Елімізге ресми сапармен келген Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Ненад Лалович елордадағы спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бірнеше қалада ауа ластанады
17 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Тауға шығып, адасып кеткен жасөспірімдер табылды
ТЖМ құтқарушылары жоғалған жасөспірімдерді тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Бельгияда атыс болды: Қаза тапқандар бар
Бельгияда Брюссель маңында тағы да атыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Қарағанды-Теміртау тасжолында жантүршігерлік апат болды
Қарағанды-Теміртау тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Түркиядағы турнирде топ жарды
Үстел теннисінен қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова Түркияда өткен WTT Youth Contender турнирінде екі жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлытауда жолда қалған төрт адам құтқарылды
ТЖМ құтқарушылары Ұлытау облысында ақаулы автокөліктен 4 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Наверх