Шығыс Қазақстанға жаңа әкім тағайындалды

17 Ақпан 2025, 12:42
7960
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов 1970 жылғы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуан-төбе ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогика институтын, педагогикасы мен методикасы қосымша қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті мамандығын;

2001 жылы МЭСИ Қашықтық білім беру институтын заңтану мамандығы бойынша;

2003 жыл – Мәскеу мемлекеттік экономикңа, статистика және информатика мемлекеттік университетін заңтану мамандығын;

2017 жыл - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек өтіліне тоқталар болсақ:

Еңбек жолын 1992 жылы Сырдарья ауданы халыққа білім беру бөлімі № 172 орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болып бастаған.

05.1993-06.1994 жж. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында қызмет етті.

08.1994-03.1995 жж. Қызылорда қалалық білім бөлімі № 9 орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі.

03.1995-04.2001 жж. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы кедендік қорғау және режим бөлімінің инспекторы, бас инспекторы, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы.

01.2001-02.2006 жж. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті органдарында қызметі, бас сарапшы, төраға көмекшісі, бөлім басшысы

02.2006-09.2007 жж. Қазақстан Республикасы Парламентінде Өкімет өкілділігінің бас эксперті, Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы сыртқы инвестиция көздерін жоспарлау бөлімі бастығы, министр көмекшісі, министр кеңесшісі.

09.2007-09.2010 жж. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі миграция комитеті төрағасының орынбасары

09.2010-10.2012 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық - ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

10.2012-07.2015 жж. Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары.

07.2015-05.2018 жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

05.2018-01.2021 жж. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі

01.2021-06.2021 жж. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі

02.2022-05.2022 жж. Абай облысы Жарма ауданының әкімі.

05.2022-06.2022 жж. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі.

06.2022-09.2023 жж. Қызылорда облысы әкімнің орынбасары.

2023 жылғы 8 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы