Все новости за 3 шілде 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматыда есірткіге қарсы күреске арналған фронт-кеңсе ашылды
Есірткі мен есірткі қылмысына қарсы күрес мақсатында Алматыда Esirtkisiz QAZAQSTAN жобасы аясында жаңа фронт-кеңсе ашылды.
-
Баварияда ер адам пойыз жолаушыларына балтамен шабуыл жасады
Бавариядағы пойыз жолаушыларына балта ұстаған ер адамның шабуылынан бір адам зардап шекті.
-
Атырау облысында тірі балапандар ұяcымен бірге құм астында қалды
Атырау облысында газ құбырының құрылысы кезінде тірі қарлығаш балапандары ұяларымен бірге құм астында қалды.
-
Ақмола облысында Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
Ақмола облысында Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі тұрғын – 26 жастағы Қырғабақова мен 24 жастағы Қасымхан 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
-
Астанада спорт журналистеріне арналған ЖИ тренингі өтті
Журналистер күні мен Халықаралық спорт журналистері күніне орай елордада спорттық медиа өкілдеріне арналған арнайы оқыту тренингі ұйымдастырылды.
-
Әлем кубогы: Айбек Оралбай мен Сабыржан Аққалықов жартылай финалға жолдама алды
Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында қазақстандық екі боксшы жартылай финалға өтті.
-
Депутат Атырау облысының жол қауіпсіздігі мәселесін көтерді
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында Исатай ауданындағы Хамит Ерғалиев ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында 51,1 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Түркістан облысындағы барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ киносы Қытай фестивалінде көрсетілді
2025 жылдың 3-7 маусым аралығында Қытайдың Чунцин қаласындағы Юнчуань ауданында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің халықаралық кинофестивалі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
235 қазақстандық бала еліміздің бас ұстазына хат жолдады
2025 жылғы 27 мамыр мен 2 маусым аралығында «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көкшетауда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға оңалту орталығы салынып жатыр
Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлем кубогы: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан елордадағы Әлем кубогының ширек финалында техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы өтеді: не білу керек?
Ауыл шаруашылығы санағы – бұл еліміздің аграрлық секторының құрылымы, ресурстары мен жай-күйі туралы өзекті әрі сенімді деректерді алуға мүмкіндік беретін ауқымды статистикалық байқау, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Таза бейсенбі»: Өңірлерде экологиялық акция қарқынды жүргізілуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде кең көлемді «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы тұрақты түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зейнетақы жалақы сияқты ай соңында төленбейді
Жамбыл облысында зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері тұрақты және уақытылы жүргізіліп келеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «Әлеуметтік қамсыздандыру» басқармасының басшысы Марат Улеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда алғаш рет банан өсірілетін жылыжай іске қосылды
Мәжіліс депутаттары Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Нұрсұлтан Байтілесов және Темір Қырықбаев Түркістан облысы Сайрам ауданының шалғай елді мекендерінде ашылған жаңа шаруашылық кешендерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында өрттен зардап шеккен екі жұмысшы көз жұмды
Ақтөбе облысында екі жұмысшы жөндеу жұмыстары кезінде цехта болған өрттің салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанадағы мейрамхана неден өртенгені белгілі болды
3 шілдеде Есіл ауданында орналасқан «Аура» мейрамханасында өрт шықты. Бұл туралы Есіл ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, капитан Сағдат Әнес мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"СҚ-Фармация". Басынан дау кетпейтін компания жайында не белгілі?
Мемлекеттік дистрибьютордың қызметіне қатысты сыни мәлімдемелер азаймай тұр. Солардың бірі - "СҚ-Фармация", деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астана орталығында мейрамхана өртенді
Қазіргі кезде ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Халықпен кездесу: Депутат әлеуметтік проблемаларды шешуге уәде берді
Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев өңірлерге сапары барысында Жетісу облысына барып, азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Өзі ашуландырған": Баланы қапқан иттің иесі кінәсін мойындамай отыр
Алматы облысы Жалпақсай ауылында 10 жастағы балаға иттер шабуыл жасады. Иттердің иесі жағдайдың БАҚ-та айтылғандай болмағанын айтып, Almaty.official парақшасына өз нұсқасын айтып берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Зейнетке шығарда нені білу қажет?
Зейнетке шығарда нені білу қажет? Қандай өтініштер тапсыру керек, төлемдер қалай есептеледі, еңбек өтілі қалай дәлелденеді? Осы сұрақтардың жауабын BAQ.KZ тілшісінің мақаласынан таба аласыз.
-
Елімізде қалдықтар бойынша жеке заң әзірлене ме?
Бұл сұрақты IX Еуразиялық жаңартылатын энергия және қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі бизнес форумда Мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова көтерді. БАҚ өкілдері бизнес форум кулуарында бұл сұраққа қатысты Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтың пікірін білді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан экспортының қанша пайызы шикізат?
Қазақстан экспортының 60 пайыздан астамы мұнай, уран және мыс секілді шикізатқа тиесілі. Дегенмен ет пен ұнға да сыртқы нарықта тұрақты сұраныс бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Абай облысындағы алапат өрт қайталануы мүмкін бе?
Еліміздегі өрт қаупі жоғары өңірлер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астана күні: 300 бала қазақ күресінен бақ сынайды
4-5 шілде күндері аралығында Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде қазақ күресінен балалар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Адам саудасы, зорлық-зомбылық". Атышулы P.Diddy ауыр жазадан құтылып кетті
Америкалық танымал рэпер және продюсер Шон Комбс Нью-Йорк сотында ақталып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ТЖМ: Қазақстанда өрт қаупі күшейіп тұр
Қазақстанда өрт қаупі күшейіп тұр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Көлік министріне саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді
Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі 12 жылға сотталды
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Инфляция: Қазақстанда қандай қызмет түрі қымбаттап жатыр?
Қазақстанда инфляция қарқын алып келеді. 2025 жылғы мамырда жылдық баға өсімі 11,3%-ға жетті. Соңғы бір жылда ең көп қымбаттаған қызметтер — ұялы байланыс, демалыс шығындары және тұрғын үй-коммуналдық төлемдер, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеуді 40%-ға жеткіземіз – вице-министр
2024 жылы 4,8 млн тонна тұрмыстық қатты қалдықтардың 25,8%-ы ғана қайта өңделді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев IX Еуразиялық жаңартылатын энергия және қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі бизнес форум кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарасудағы су бұру арнасына Үкіметтен 1 миллиард теңге бөлінді
Қарасу ауданында су бұру арнасын салуды аяқтауға Үкімет резервінен 1 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Келешек мектептері": Ақтауда биыл 3 мектеп пайдалануға беріледі
Ақтауда биыл 3 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
260 мың қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды
2025 жылдың басынан бері 260,1 мың азамат, оның ішінде 42,2 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі - Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кореяда әрбір адам қоқысты сұрыптайды
Бұл туралы IX Еуразиялық жаңартылатын энергия және қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі бизнес форумда “DAEWON GSI” компаниясының ТМД елдері бойынша өңірлік директоры Джанг У Сук айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Темекі мен тәтті сусындарға салық өсуі мүмкін
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мемлекеттерді 2025 жылға дейін темекі, алкоголь және қант қосылған сусындардың бағасын қымбаттатуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"СҚ-Фармация" басқарма төрағасы тағайындалды
"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа басқарма төрағасы болып Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге үндеу жасады
Оқу-ағарту министрлігі соңғы уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған «Педстарт» атты олимпиаданың ақылы негізде өткізілетіні жөніндегі ақпаратқа қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Айыппұлдан қашқан жүргізуші көлігінен айырылды
Абай облысында жол ережесін бұзып, айыппұл төлемеу үшін көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құқығы тапталғандар: Мұғалімдерді заңсыз жұмысқа тартқандар қалай жазаланады?
Қазақстанда мұғалімдер әлі күнге дейін сенбілікке, рейдке, мерекелік шараларға мәжбүрлі түрде тартылып келеді. Педагог мәртебесін арттыруға арналған заң қабылданғанына бірнеше жыл өтсе де, кейбір жергілікті органдар заң талаптарын елемей отыр. Бұл мақалада заңда нақты қандай құқықтар қарастырылғаны және оларды қорғау үшін қандай тетіктер бар екені туралы айтып береміз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Үкімет басшысына өңірлерді дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы әуежайында бойжеткен полицейді көлігінің капотында сүйретіп әкетті
Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайының аумағында жүргізушінің полицейді көлігінің капотында сүйретіп әкеткен сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Индонезияда жолаушылар паромы суға батып кетті
Бали маңында 65 адамы бар паром апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстан тауарларын қай елдер ең көп сатып алады?
Былтыр Қазақстан әлемнің 150-ден астам елімен сауда қатынасын нығайтып, сыртқы сауда айналымын 141,4 млрд долларына дейін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда екі экс-вице-министр ұсталып, олардан жүздеген мың доллар табылды
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде пара алу және беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Трамп баж салығын Жапонияға енгізбек, Ливия маңында танкер жарылды
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Ақмола облысында 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды
Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Қызылсая ауылында 13 жастағы жасөспірім күмәнді жағдайда қайтыс болды. Қазіргі уақытта полиция өлімнің себебін анықтау үшін тергеу жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда өмір сүруге ең жайлы өңір анықталды
Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік стандарттар жүйесіне (ӨСЖ) сәйкес, өмір сүруге қолайлы және инфрақұрылыммен жақсы қамтылған өңірлерді атады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты: зардап шеккендер бар
Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Алатау ауданында орын алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлем кубогі: 3 шілде шаршы алаңға кімдер шығады
Елордада бокстан Әлем кубогінің үшінші кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қайтарылған активтер: Су құбырын дамытуға 45 млрд теңге бөлінді
СҚО-да су құбыры инфрақұрылымын дамытуға елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еуропарламент фон дер Лейенге сенімсіздік таныту туралы дауыс береді
Еуропарламент Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейенге және оның Комиссарлар алқасына сенімсіздік вотумына дауыс береді, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Қызылордада әлеуметтік осал топ санатындағы отбасыларға баспана берілді
Қызылорда қаласының сол жағалауынан әлеуметтік осал топ санатындағы отбасыларға жаңадан бой түзеген 60 пәтерлі тұрғын үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Біз Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатқан жоқпыз" – АҚШ мемдепартаментінің өкілі жауап берді
АҚШ Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатпады, бірақ нақты жағдай бойынша шешім қабылдады. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Тэмми Брюс мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ата сақалы аузына түскенде: 76 жастағы зейнеткер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Семейде 76 жастағы зейнеткер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміз жаңа астықтың 9 млн тоннасын экспорттады
2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы маусымға дейінгі аралықта 9 млн тонна жаңа астық экспортталды, бұл 2023–2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 60%-ға көп. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы ұсынған бұл деректі Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-тан қару-жарақ жеткізуді тоқтату – Зеленский мәлімдеме жасады
Украина президенті Владимир Зеленский Даниямен және басқа серіктестермен қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшақтарды бірлесіп өндіру туралы жаңа келісімдердің дайындалғанын хабарлады. Бұл туралы ол кешкі сөйлеген сөзінде Украинаға АҚШ-тан қару-жарақ, оның ішінде Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар жеткізілуіне шектеу қойылғаны туралы ақпарат кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Арменияның бұрынғы президенті Саргсянға айып тағылуда
Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянға айып тағылды. Оған аса ірі көлемде пара алды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ақша аудармаңыз": Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға ведомство басшылығы атынан мессенджерлер арқылы жіберілген жалған хабарламалар саны артқанын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бокстан Әлем кубогі: Сағындық Тоғамбай жартылай финалына жолдама алды
Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бокстан Әлем кубогі: Ертуған Зейнуллинов 1/4 финалда
Қазақстан ерлер құрамасының былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін жеті қалада ауа ластанады
"Қазгидромет" бүгін Қазақстанның жеті қаласындай жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх