Все новости за 25 қыркүйек 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жыл соңына дейін 342 нысан ерекше жандар үшін бейімделеді – ШҚО
Биыл ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 383 әлеуметтік нысанды бейімдеу жоспарланған. Бүгінге дейін олардың 41-і бейімделген, қалған жұмыс жыл соңына дейін аяқталуға тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Бұқтырмада салынып жатқан көпірдің екі жағына бекет қойылуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасына салынып жатқан елдегі ең ұзын көпірдің екі жағына бекет қойылуы мүмкін. Себебі көпір үстінде жол апаты болса көпір жабылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ертең Алматыда «Қорғау-2024» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтеді
Алматы қаласында 26 қыркүйекте аумақтық қорғаныс бойынша «Қорғау-2024» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңаөзенде жеңіл көлік балалар ойын алаңын талқандап тастады
Әлеуметтік желіде жеңіл көліктің балалар ойын алаңына "секіріп кірген" видеосы тарады. Оқиға Жаңаөзен қаалсында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" синоптиктері 26 қыркүйекте елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отбасы банк арқылы үй алып берем деп тұрғындарды 55 млн теңгеге алдап кеткен
Қала тұрғыны өзін банк қызметкерімін деп таныстырып «Отбасы банк» АҚ арқылы бастапқы жарнасыз ипотекалық тұрғын үйсатып алуға көмектесу мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат таратқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Пойызда сарбазды ұрғандар ұсталды
Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскери дәрігер ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды
Қорғаныс министрлігінің әскери дәрігері ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Антикор «Астана банкінің» бұрынғы акционерін жауап алуға шақырады
Антикор «Астана Банкі» АҚ бұрынғы акционерін жауап алуға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда азық-түлік үстемесін асырып жіберген кәсіпкерлер анықталды
Павлодар облысында жыл басынан бері ірі, орта және шағын кәсіпкерлік нысандарында жоспардан тыс 136 тексеру жүргізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Ақмола облысының құтқарушылары астық қоймасындағы өртті сөндірді
Есіл ауданының әкімшілік орталығы элеваторларының бірінің астық қоймасында өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістандық дәрігерлер 13 жасар қызды аяққа тұрғызды
Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сарыағаш қаласынан 13 жасар қыз баласы жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық кітапханалары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Бүгін Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық кітапханалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дүкеннен су жаңа киімдерді үнсіз киіп кетпек болғандар ұсталды
Елордалық полицейлер спорт дүкенінде орын алған ұрлықты ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздің туроператорлары қанша табыс тапқаны белгілі болды
Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында қазақстандық туроператорлар 285,7 млрд теңге табыс тапқан. Бұл өткен жылдағы көрсеткіштен шамамен 40%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай ауданында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданы 65 және 85 шаршы метр болатын екі пәтерлі бір қабатты 35 тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов су тұщыту зауытын жаңғырту жұмысының барысын тексерді
Олжас Бектенов Ақтаудағы МАЭК-ті жөндеу және су тұщыту зауытын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II Республикалық пәндік олимпиада басталды
Бүгін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресейге 60 тоннаға жуық өнім кері қайтарылды
Ресей Федерациясына фитосанитарлық сертификаттың жарамсыздығына байланысты 45 тонна кептірілген ноқат өнімдері, сондай-ақ фитосанитарлық сертификатсыз (4 автокөлік) келген 14 тонна жеміс кері қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада құрылыс нысанында өрт шықты
Астанада құрылыс нысандарының бірінде битум жанып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада семсерлесуден республикалық турнир өтіп жатыр
Елордадағы «Аспан» спорт кешенінде семсерлесуден республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Олжас Бектенов Ақтау мен Құрық теңіз порттарының дамуымен танысты
Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетімен танысты. Ақтау, Құрық теңіз порттарында болып, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағын дамыту перспективалары қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елорданың сол жағалауындағы көпірдің қиылысы уақытша жабылады
Астанада Сығанақ көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысындағы көпірдің жаяу жүргіншілер жолағындағы плиталарды алу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл Ақтөбе облысында 1163 ерлі-зайыпты ажырасып үлгерді
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 1163 ерлі-зайыпты заңды түрде ажырасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенат төрағасы Абай облысының жұртшылығымен АЭС салу мәселесін талқылады
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халық штабының мүшелері Абай облысына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан құрылғанына 75 жыл толған Қытаймен қай салаларда серіктеседі
Қытайдың Қазақстандағы елшілігі Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жасыл технологиялар орталығының экс-басшысының ісі. Сот істің мән-жайын айтты
Коммерциялық емес АҚ басқармасының төрағасына қатысты үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кәсіпкер құны 20 млн доллар тұратын активтерін қазақстандық балаларға берді
Айдын және Анара Рахимбаевтар құны $20 млн активтерін АХҚО орталығында тіркелген IQanat Endowment Fund қорына берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министрлік жедел жәрдем жұмысына енгізілетін өзгеріске қатысты түсініктеме берді
Денсаулық сақтау министрлігі Жедел медициналық көмек көрсету ережелеріне енгізілгелі жатқан өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде ашылған субұрқақ бір ай ғана жұмыс істеді
Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта 31 тамызда ашылған музыкалық субұрқақ кеше жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жедел жәрдем тәулік бойы жұмыс істемейді
Басты себеп қаржының жетіспеуінен
-
Павлодар қаласында әлеуметтік нысандардың барлығына жылу берілді
Ал облыс орталығындағы 1300-ден астам көпқабатты тұрғын үйдің 984-і жылу жүйелеріне қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Қытайдан жүк ағынының көлемі артады
Көлік министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда АПВ-ға қарсы вакцинация 30 қыркүйекте басталады
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының вакцина қоймасында 16 900 доза мөлшерінде «Гардасил» вакцинасы бар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлем чемпионатына баратын еліміздің әйелдер құрамасы жасақталды
Албания астанасы Тиранада 28-31 қазан аралығында өтетін күрестен олимпиадалық емес салмақтағы әлем чемпионатына баратын еліміздің әйелдер құрамасы жасақталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
-
Қарағандыда зейнеткердің шотынан танысы үнемі ақша ұрлап отырған
Қарағанды қаласы ПБ Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстандық бессайысшылар U19 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасының өкілдері Лев Чувашов пен Данил Богданов Литвада өтіп жатқан U19 әлем чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алдағы үш күнде күн райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҰҰ Бас ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы басталды
АҚШ-та БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы шеңберінде жоғары деңгейдегі апталығы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.
-
Трампты атпақ болған күдіктіге ресми айып тағылды
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампты атпақ болған күдіктіге ресми айып тағылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Елімізде жаңа Су кодексін жыл соңына дейін қабылдау жоспарланып отыр
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында ведомство құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодарда 114 жылдық тарихы бар диірмен сүрілді
Павлодар қаласында 114 жылдық тарихы бар Тиссен диірменінен қалған кірпіш қабырғалар сүрілді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді
2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 346 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"ҚазМұнайГаз" активтерінің өткізілуіне бақылау күшейтілді
Мемлекеттік аудиттен кейін «ҚазМұнайГаз» активтерінің өткізілуіне бақылау күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Astana Media Week аптасы басталды
Астанада дәстүрлі медиа апталық салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Браконьерлермен күрес: 320 киік мүйізі мен 2 қару тәркіленді
Аталған браконьерлік фактісі арнайы рейд барысында анықталып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
-
Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді
Биыл суару маусымында көрші елдерден келетін судың көлемі бастапқыда келісілген көлемнен артық болды.
-
Астанада британдық университеттің филиалы ашылады
Филиалдың болашақ білім беру бағдарламалары, әсіресе педагогика, инженерлік пәндер және IT сияқты өзекті бағыттар қарастырылды.
-
Балқашта жылу трассасын жөндеу кезінде үш адамның сүйегі табылды
Балқаштағы магистральдық желілерде жөндеу кезінде жұмысшылар үш адамның денесін тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында 650 млн теңге көлеміндегі бұзушылықтар анықталды
Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен білім беру саласындағы қаржылық тәртіпті нығайту бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Фоторепортаж: Зағип және нашар көретін жандарға арналған көрме ашылды
Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде «Көрінбейтін әлем» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды
Руслан Сарқұлов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АЭС-ке бөліген қаражаттың 40 пайызы қауіпсіздікке жұмсалады – депутат
Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков елімізде АЭС құрылысы салынса, оның қауіпсіздігін кімдер бақылайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"10 рет пышақ сұққан": Алматыда әйелін өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
Сот үкімімен Әл-Бейне Зарипованың бұрынғы күйеуі қасақана кісі өлтіргені және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Майнингтік фирма 25 млн теңге шығын келтірді
Елорда аумағында тиісті лицензиясыз цифрлық активтерді заңсыз өндіру фактісі бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Барлық қауіпті контентке қатаң тосқауыл қойылсын – депутат
Біздің балаларымыздың өміріне қауіп төніп тұрғанда ешқандай мәймөңкеге жол беруге болмайды
-
Қарағандыда тағы екі жайлы мектеп ашылады
Қарағандыда Көгілдір тоғандар мен Оңтүстік-Шығыста биыл тағы екі жайлы мектеп ашылуы тиіс. Ғимараттар тұрғызылды, қазір ішкі жұмыстар мен аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Еліміздегі валюта бағамы қандай екені белгілі болды
Ұлттық банк 25 қыркүйекке арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау күшейтілді
Көлік министрлігі Қазақстан жолдарында автобустар мен жүк көлігі жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүкті тасымалдау кезінде еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылау бойынша ауқымды акция өткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Тасбақа құтқарушысы" су оқпаны әзірленді
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің жеке құрамы «Тасбақа құтқарушысы» су оқпанын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде судың 65%-ы ауыл шаруашылығына жұмсалады - профессор
Биыл шаруашылыққа 4,28 млрд текше метр су берілген. Елімізде су үнемдеу технологиясы қарқынды дамып келеді.
-
1 қазаннан бастап елімізде пойыз билеттері қымбаттайды
Ауа баптағышы жоқ вагондардың билеттеріне ұлттық тасымалдаушы 20%-ға дейін жеңілдіктер ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ливанда Израиль шабуылынан қаза тапқандар саны 569 адамға жетті
Ливан денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Фирас Абъяд елдің оңтүстік аудандарындағы израильдік бомбалау салдарынан құрбан болғандар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды
"Әзірет Сұлтан" мұражай-қорығы енді мемлекеттік қорғауда болады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Алматыда Сейфуллин даңғылының учаскелері біраз уақытқа жабылады
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Алматыдағы Сейфуллин даңғылы учаскелерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
"Таза Қазақстан": Елордада ағаштар мен бұталар отырғызылды
Астана қаласының Сарыақа ауданында «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық бағдарламасы аясында ағаш отырғызу және аумақты тазарту акциясы өтті, оған аудан тұрғындары, еріктілер мен аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Атырауда өртенген үйден әйел адамның денесі табылды
Құтқарушылар өрт кезінде 67 адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
25 қыркүйекте еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
"Қауіпсіздік сабақтары": Ата-аналар жиналысында не талқыланады
23-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған ата-аналар жиналысы өтіп жатыр. Жиналыста ата-аналардың бала өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті талқылайды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Шымкентте есірткі граффитиінің авторы ұсталды
"Қарасора" операциясы барысында полицейлер есірткіні жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Астана төрінде үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді
Қазан айының басында Астана үстел теннисінен Азия біріншілігін қабылдайды. Біздің еліміз аталған спорт түрінен құрлық додасын тұңғыш рет өткізгелі отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
-
Өрт сөндірушілер Қарағандыда жарылыстың алдын алды
Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында гараж өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада Мұхаммед Физулидің кітабының тұсауы кесілді
Қазақстанда Әзербайжан мәдениеті күндері өтіп жатыр. Іс-шара аясында Ұлттық академиялық кітапханада түркі әдебиетінің көрнекті өкілінің "Мұхаммед Физули – 530 өлең жолы" атты кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Наверх