Все новости за 11 шілде 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Мемлекет және қоғам қайраткері Жекен Қалиұлы дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, БҰҰ Қазақстандағы бөлімшесінің жетекшісі, Халықаралық "Төлегетай" қорының құрметті төрағасы Жекен Қалиұлы дүниеден өтті.
-
UFC басшысы: Хабибті біраз уақытқа дейін мазаламаймыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC президенті Дана Уайт жақында ғана әкесі - аңызға айналған жаттықтырушы Абдулманап Нурмагомедовтан айырылған Хабиб Нурмагомедов (28-0) туралы сұрағандарға жауап берді деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Түркістандық дәріханалар 2 тонна дәрімен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласына пандемия кезіндегі науқастарға аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келді. Алматы қаласындағы фармацевтикалық компаниядан 27 млн теңгеге халыққа қажетті 136 түрлі 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек әкелінді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастарды тегін емдеуге арналған орталықтар ашпақ. Ол өзге де кәсіпкерлерді осы қайырымдылық акциясына қосылуға шақырды.
-
Атырау облысында карантин режимдері қайта күшейтілді
Себебі, аймақта қауіпті инфекция жұқтырғандар көрсеткіші 7,5 пайызға жеткен.
-
Қостанай дәріханаларына 300 млн теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бұл туралы Instagram аккаунтындағы жеке парақшасында жазды.
-
Дәрі-дәрмектерді үйінде жасырған фармацевт ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да фармацевт дәрі-дәрмектің үлкен партиясын үйінде жасырған.
-
Коронавируспен күрес: ҚМДБ қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ауыр індетпен күресіп жатқан еліміздегі медициналық мекемелерге желдеткіш құралдарын (ИВЛ) алу мақсатында "Зекет қоры" "Өмірге үміт сыйла" акциясын бастады.
-
UFC 251 турнирін "Qazsport" арнасы тікелей трансляция жасайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 шілде күні таңертең қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-3) UFC-дегі өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Лима Диас: Қоғамдық бақылау дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірмеуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас өзінің Facebook-тегі парақшасында Қоғамдық бақылау жұмысын реттеуге жауапты адам ретінде бекітілгенін айтты.
-
Нұр-Сұлтанда пышақ ұстаған әйел дүкеннің ішінде ойран салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүлік шығарған әйел ұсталып, Полиция басқармасына жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-
Ішімдік ішіп, көлік жүргізген бес атыраулық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау полицейлері ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген бес жүргізушіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Енді әкімдік көліктері дәрігерлерді тасиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың тапсырмасымен бүгін облыс әкімдігінің 30 қызметтік көлігі Ақтау қаласындағы емханаларға берілді.
-
Кәсіпкер ауруханаға 5 жасанды тыныс алу аппаратын алып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілікті кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентраторын тарту етті.
-
Найзағай, бұршақ – Нұр-Сұлтанда дауылды ескерту жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жасады.
-
Екі Аидамен де сөйлесіп, келісімге келдік – Алексей Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде науқастарға дәрі-дәрмек жетіспей жатыр деп үндеу жолдаған Аида Боқаеваға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.
-
Маңғыстауға Ресейден бір топ дәрігер көмекке келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңда ресейлік 9 дәрігер мінген ұшақ Ақтау әуежайына қонды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.
-
20 күннің ішінде індеттен атақты ағайынды самбошылар дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Самбодан КСРО Жастар чемпионатының жүлдегері, бір кездері Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған Қайрат Шаңғараев қайтыс болды.
-
COVID-19: Алматыда науқастарды емдеу үшін қосымша орындар құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында қаладағы инфекциялық және провизорлық ауруханаларға қосымша орындар ұйымдастыру туралы жазды.
-
Түркістанда 43 экологиялық қылмыс анықталды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері алты ай ішінде оңтүстік өңірде 43 экологиялық қылмыс, 737 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 6 722 282 теңге көлемінде айыппұл салынды.
-
Ақтөбе облысына Ресейден дәрі-дәрмек жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеге Ресейден пневмониямен ауырып жатқандарды емдеуге қажет 52 мың қорапшаға жуық медициналық препараттар әкелінді.
-
Министр қыркүйектегі оқу жылын бастаудың үш нұсқасын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы оқу жылында балаларды оқытудың үш нұқсасы қарастырылып отыр. Бұл туралы онлайн-брифингте білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
-
Ең жас эко-белсенді: Ешкім суды тиімді пайдаланып жатқан жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бала жастан экологиялық тәрбиені бойға сіңіру қажет. Еліміздегі ең жас эко-белсенділердің бірі Аружан Сахариянова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі экологиялық мәселені жолға қоюдың маңызы туралы бастамасына пікір білдірді.
-
Сапарбаев: Жамбыл облысының көрсеткіші республикадан жоғары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды.
-
Әбенов: Ұлттық парктерге жауапкершілігі жоғары инвесторлар керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам белсендісінің сөзінше, экологиялық мәселелердің қордаланып қалуына тағы бір себеп - ұлттық парктерді шаруашылық тұрғыдан дұрыс басқару және жөнге келтіру тетігінің болмауы.
-
Оқушылардан бірыңғай форма кию талап етілмейді - БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы оқу жылында Қазақстанда мектеп формасын кию қажет емес. Бұл туралы онлайн-брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
-
Ақтөбе облысы жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин инфекциялық аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаровтың қайтыс болуына байланысты артында қалған туыс-туғандарына көңіл айтты.
-
Көпір астындағы көрікті мекен
Сондай-ақ ол нысан өз атмосферасын қалыптастырып, қала тұрғындары арасында шығармашылық кластердің дамуына ықпал ететінін атап өтті.
-
Жыл соңына дейін 3000 өкпені жасанды желдету аппараты өндіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін отандық өндірушілер шамамен 5 мың стационарлық және 2,5 мыңнан астам өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратын шығарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты.
-
Шымкент 10 млн долларға шетелден дәрі сатып алмақшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент дәріханаларын тиісті дәрімен қамтамасыз ету мақсатында көрші елдерден дәрі шығаратын фарм компаниялармен 10 миллион АҚШ доллары болатын дәрі-дәрмек алуға келісімшарт жасалды.
-
Дәурен Қуат: Кемшіліктеріміз бен қателіктерімізден сабақ алып болған жоқпыз ба?
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Дәрен Қуат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясына байланысты жасаған кезекті телевизиялық үндеуі жайында пікір білдірді.
-
Қазақстанда мыңға жуық дәрі-дәрмек өндіріледі - вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық өнеркәсіптер мынға жуық дәрі-дәрмек өндіреді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты.
-
Президенттің экология саласындағы бастамасы аса маңызды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ Бес жылдан аса Каспий итбалығы тақырыбын зерттеп жүрген эколог Әсел Баймұқанова ҚР Президентінің халық арасындағы мектеп жасынан бастап экологиялық білім берудің маңыздылығы туралы сөзін естіп, қанаттанып отыр.
-
Жанайқайымыз Президентке жетті - Айнұр Тұрсынбаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жанайқайымыз Президентке жетіп, мәселе оң шешімін тапты деп жазды Айнұр Тұрсынбаева өзінің Іnstagram-дағы парақшасында.
-
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингісінде 10 позицияға көтерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде Қазақстан 29-орынға көтерілді. 28-орынға Канада ие болды.
-
Сапарбаев: Науқастардың туыстарына оңай емес, оларға нақты ақпарат керек
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығын аралап, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен ыстық суға қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді.
-
Елордада тәулігіне 180 000 дана маска шығаруға қауқарлы өндіріс орны бар
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласындағы "BIONIC-PRO" өндіріс орнының ашылғанына небәрі екі ай. Алайда, өнеркәсіп тәулігіне 180 000 дана маска шығаруға қауқарлы.
-
Нұр-Сұлтан әкімдігі Президент тапсырмаларын орындауға кірісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылып, Мемлекет басшысының кеңейтілген отырыста айтылған бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.
-
Жер мәселесін кезең-кезеңімен шешу өзін-өзі ақтады - Мұхтар Тайжан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық кеңестің мүшесі, экономист Мұхтар Тайжан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысындағы тапсырмаларына қатысты пікір білдірді.
-
685 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 685 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Жедел жәрдем неге кешігеді?
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясы кезінде тұрғындар жедел жәрдем бригадасының кешігіп келетініне наразылық білдіруде. Ал бұған басты себеп – туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты шақырулар санының күрт артуы екенін айтады медицина мамандары.
-
Елордада карантин талаптарын бұзған моншалар мен дәмханалар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың полицейлері кезекті рейдтік-тексерулерін жүргізді. Бұл жолы олар карантиндік талаптарды сақтамаған қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен моншаларды аралап көрді.
-
Өткен тәулікте 1708 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1708 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
-
Атақты Айя София шіркеуі мешітке айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рим империясының Константинопольда (Стамбұл) салдырған ең үлкен шіркеуі, ал қазір әлемнің ең әдемі музейлерінің бірі Айя София қайтадан мешітке айналатын болды. Бұл туралы TRT AVAZ хабарлады деп жазады muftyat.kz.
-
Париждегі сән апталығы алғаш рет онлайн өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемияға байланысты атақты дизайнерлерге өз жоспарларын өзгертуге тура келді, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 11 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Қарағанды облысының мектептері бейнебақылаумен қамтамасыз етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 1 қыркүйекке қарай 124 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Әрбір оқу орны бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.
-
Атырауға қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысына үкіметтік комиссияны бастап келген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
Жұмағұлов UFC 251 турнирінің салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Arlan MMA Pro командасының мүшесі, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-3) UFC 251 турнирінің алдында ресми салмақтан сәтті өтті, деп хабарлайды prosports.kz.
-
COVID-19: Түркістан облысында 3 мыңға жуық науқас емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында пневмония дертін жұқтырғандар саны 5 421 болса, оның ішінде сауығып шыққандар саны 2 933-ке жетті. Яғни, бүгінде науқастардың 54%-ы толық емделіп шықты.
-
Президент маңызды проблемаларды көрсетті – экономист
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ағымдағы жылдың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелері қорытындыланды.
-
Жамбылда жедел топ дәріханалардың қоймасын тексеріп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Әшірбаев бастаған жедел топ Тараз қаласындағы "МедСервис" дәрі қоймасын тексерді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.
-
Атырау облысында блок-бекеттер қойылмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алайда эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатса, қосымша қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
Қазақ аграрлық ғылымының алып бәйтерегі құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына еншілес Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Абдулла Сапарұлы Сапаров дүниеден озды.
-
Ералы Тоғжанов Атырауда шұғыл жиын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келіп, аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қатысты шұғыл жиын өткізді.
Наверх