Все новости за 2 маусым 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Уханьда коронавирус еш симптомсыз өтуде – зерттеулер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында жергілікті тұрғындарды COVID-19 вирусына жаппай тестілеу нәтижесінде коронавируспен ауырған адамдар болмады. Алайда 300 адамның еш симптомсыз ауырып жүргені анықталды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
-
"Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!"
2019 жылғы жүргізілген рейдтік тексерулер кезінде жасы 18-ге толмаған азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылу фактілері анықталған жоқ.
-
Коронавирустан тағы 3 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен үш науқас көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Облыс әкімі Семейде карантин қашан аяқталатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 маусымнан бастап облыста кәсіпкерлік және өзге де қызметтің барлық түрлері, кинотеатрлар мен театрлар 50% сыйымдылықпен жұмысын қайта бастайды.
-
Көкшетауда жазасын өтеп жатқан 4 азамат қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласындағы уақытша ұстау мекемесінде әкімшілік жазасын өтеп жатқан үш адам көз жұмды.
-
Әшімбаев: Халық денсаулығы туралы кодекс медицина мәселелерін шешуге үлес қосады
Жобаның қабылдануы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды тиімді реттеуге ықпал етеді.
-
Сапарбаев: Тұрмыстық мәселені ұлтаралық мәселеге бұрушыларға тосқауыл қою керек
Екіншісі, ғылыми-талдамалық жұмыстың тиімділігін арттыру. Бүгінде этносаралық қатынастар мәселелері бойынша зерттеу жүргізетін құрылым жұмысын үйлестіру жолға қойылмаған екен.
-
"Қазгеология" басшысы ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ жаңа басқарма төрағасын таныстырды.
-
Министр: Байқоңыр - Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының негізгі векторының бірі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев "Байқоңыр" ғарыш айлағының 65 жылдығымен құттықтады.
-
Елімізде індеттен жазылғандар саны 6000-ға жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда тағы 184 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Көлікті "фураға" артқан, фураға артса турап артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы шекарашылар жеңіл көлікті Қырғызстанға өткізбек болған жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Карточкадан қаржы жымқырып келген алаяқ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда микрокредит алып беремін деп клиенттердің карточкаларынан ақша жымқырған күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Кәмелетке толмағандарға шылым сатуды шектейтін жоба іске қосылды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы "Adal nietpen" жобасының іске қосылғанын мәлімдеді.
-
Әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету туралы заңнамаға толықтыру енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бірқатар мәселені реттеуге мүмкіндік береді.
-
Төтенше жағдай. Елдегі кейбір кәсіпорындардың қызметі қайта қаралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Короновирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде елімізде көптеген компания, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін қайта қарауға тура келді.
-
Қазақстан табиғатына арналған фотобайқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "QazaqGeography" республикалық қоғамдық бірлестігі қоғамның барлық мүшелеріне арналған "Менің Қазақстаным" атты фотобайқау жариялады.
-
Сенатта лотерея қызметіне қатысты заң жобасы талқыланды
Заң жобасының негізгі мақсаты – лотереялар және лотерея қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің тетігін жетілдіру.
-
Ақтөбеде "Қару" алдын алу шарасы өтіп жатыр
Іс-шараның бірінші күні заңсыз айналымнан 8 қару анықталды.
-
"Ұлттық аударма бюросының" қызметі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының басшылығымен кездесу болды.
-
Жыл басынан бері 1 млн адам жұмыспен қамтылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2020 жылдың басынан бері өнеркәсіпте 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.
-
Елбасы мен Байбек партия атқарған жұмыстарды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады деп хабарлайды Тұңғыш Президенттің ресми сайты.
-
Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді?
Бокстан орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин коронавирус пандемиясынан соң алғашқы жекпе-жегін тамыз айында өткізуі мүмкін. Бұл туралы боксшының промоутері Эдди Хирн мәлімдеді.
-
Ақмолада балалар туризмі қалай дамиды?
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмолада балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 22 сауықтыру лагері оқушыларды қабылдауға дайындалуда.
-
Тоқаев депутаттардың мәртебесі туралы заңға өзгерістер енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шымкентте миллион шаршы метр болатын тұрғын үй салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.
-
Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады деп хабарлайды elbasy.kz сайты.
-
Қуғын-сүргін құрбандарының есімі қайта зерделеуді қажет етеді – профессор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыған дейін саяси қуғын-сүргін 1930 жылдардан бастау алды деген түсінік болды. Себебі, 1937-1938 жылдары үлкен террор жылдары болды деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Айжан Қапаева.
-
Бас санитар: Менің жалақым өскен жоқ
Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында ҚР бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.
-
Алматыда фитнес-клубтар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 3 маусымнан бастап жаттығу және фитнес залдар жұмысын қайта бастайды. Олардың барлығы Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 маусымдағы қаулысына сәйкес жұмыс істейді.
-
Nur Otan-ның бақылау комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар ұсыныс берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan-ның Партиялық бақылау комитетін жайылымдық жерлер жеткілікті мөлшерде бола тұра, еліміздің көптеген аймағында ауыл тұрғындары үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі неліктен өзекті мәселе болып тұрғаны алаңдатады.
-
COVID-19: БАҚ-тың жеті қызметкері вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында айтты.
-
Қызылордада 47 градус ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.
-
Спорттық жарыстар қашан басталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.
-
Қызылордада "Әлемнің Абайы" атты онлайн байқау мәресіне жетті
Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы мен облыстық Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырылған байқауға үйден оқытылатын 20 бүлдіршін өтінім беріп, олар 2 кезең бойынша сынға түсті.
-
Пандемия кезіндегі вакцинацияның үзілуі иммундауды әлсіретуі мүмкін – ЮНИСЕФ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішке сәйкес, 17 жасқа дейін 6,1 млн бала тұрады, олар елдегі халықтың шамамен 33%-ын құрап отыр.
-
Су құбырынан табылған екі адамның денсаулығы өте ауыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ХҚКО қызметкері құтқарып қалған екі адамның денсаулығына қатысты түсінік берді.
-
Күніне 26 мыңға жуық тест жасалуда – бас санитар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында айтты.
-
Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндалды. Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Түркістанда сәулеті ерекше мешіт салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қалаға кіреберісте бой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысының басында болды.
-
Қазақстанның барлық аймағында ХҚКО іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті билік органдарының шешімімен бүгін Жамбыл облысының, кеше Шымкент және Семей қалаларының ХҚКО жұмысын қайта бастады.
-
АлматыЭнергоСбыт тұтынушыларды қабылдау уақытын ұзартты
Алматы, BAQ.KZ. 1 маусымнан бастап Алматы қаласындағы "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС бөлімшелері жаңа жұмыс кестесіне ауысты.
-
Алматыда қоғамдық орындарды дезинфекциялау жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Өткенді таразылап алу керек – тарихшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткенді таразылап алу керек. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Аққали мәлімдеді.
-
Қазақстандық дәрігерлер 5757 адамды коронавирустан емдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырған 170 науқас сауығып, ауруханадан шықты деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
-
Алматыда бір жарым жастағы бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Алматы, BAQ.KZ. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні Алматыда бір бала терезеден құлап кетті.
-
Еліміздің жағажайлары жаңа талап бойынша жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде суға шомылу маусымы басталғанымен, жағажайлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді деп жазды "Хабар 24".
-
Румыния премьеріне маскасын шешкені үшін айыппұл салынды
Алматы, BAQ.KZ. Румыния Үкімет басшысы Людовик Орбан эпидемияға қарсы шектеулерді бұзғаны үшін айыппұл төлеуіне туралы келді. Бұл туралы Euractiv жазды.
-
Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Алматы-Екатеринбург" автожолында 52 жолаушысы бар автобус жолда сынып, көмекке медицина және полиция қызметкерлері жетті деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Түркістанда тұрғын үйлердің қасбеті мәрмәрмен қапталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қарқыны үдей түскен құрылыс алаңдарын аралап, құрылысшылармен кездесті.
-
АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге Джордж Флойдтың тұншықтырылуы себеп болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүрегінің тоқтап қалуына полиция қызметкері Дерек Шовен Флойдтың мойнынан басып тұрғаны себеп болған.
-
Мексикада метро ішінде сөйлеуге тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы мекеменің әкімшілігі twitter-де хабарлады.
-
Елордада жеңіл атлетика аренасы бой көтереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада салынып жатқан жеңіл атлетика аренасының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Атырауда балаларға атпен серуен ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау полицейлері Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Атырау қаласындағы № 31 мектеп оқушыларына естен кетпес күн сыйлады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Балалардың экология тақырыбына арнаған суреттері көшеге ілінді
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда Абай даңғылы бойына балалар үйінің тәрбиеленушілері салған суреттер ілінді. Суреттер Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған.
-
"5-10-20" бағдарламасы 100 мың теңге табатындарға арналған – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдында берген есебінде "5-10-20" бағдарламасы кімдерге арналғанын айтты.
-
Шымкентте жылыжай кешені салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте жаңадан құрылған агро-индустриалды аймақта жалпы инвестиция құны 5,5 млрд. теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылмақ.
-
Транзит тоқтаған жоқ. 4 айда 130 млн тонна жүк тасымалданды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 4 айда 130 млн тонна жүк тасымалданғанын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдында берген есебінде айтты.
-
Ақтөбеде 10 күн ішінде 65 мас жүргізуші анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 10 күн ішінде 65 мас жүргізуші анықталды.
-
ІТ-қоғамдастық #SmartBridge жобасына қызығушылық танытып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ІТ-қоғамдастықтың #SmartBridge жобасына үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты.
-
Биыл 1,1 трлн теңгенің 160 жобасы жүзеге асырылады – Атамқұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдында берген есебінде айтып берді.
-
COVID-19-дан жазылып шыққан Қамалжан Надыров ресми түрде қызметіне кірісті
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қамалжан Талғатұлы Надыров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметіне ресми түрде кірісті.
-
Ата-аналар ҰБТ тапсыру барысын үйден онлайн бақылай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты.
-
Өнеркәсіп орындарында 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылған - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша өнеркәсіп саласында 22 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Кәсіпорындарда 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.
-
Алматыда "Сен жалғыз емессің!" шарасы өтті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Сен жалғыз емессің!" мерекелік акция өтті.
-
ҰБТ тапсыру кезіндегі басты міндет - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Мамин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% артық. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында айтты.
-
Шекті балл жинамағандар жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты. Бүгінгі жиын жаңа жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысына арналды.
-
ҰБТ-ға қатысу үшін биыл Face ID жүйесі алғаш рет қолданылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында ҰБТ қағидаларына бірнеше жаңашылдық енгізілгенін айтты.
-
Биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр – Мамин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біз күрделі жағдайдан өттік, екі ай бойы төтенше жағдай мен карантиндік режим болды.
-
Азық-түлік бір жылда 10,7 пайызға қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2020 жылғы мамыр 2019 жылғы мамырға) 10,7% өсті.
-
"Еңбек" бағдарламасы: 6 мыңнан астам микрокредит пен грант берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.
-
Жол картасы аясында отандық кәсіпорындар 700 млрд теңге көлемінде қолдау көреді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жол картасы аясында отандық кәсіпорындар 700 млрд теңге көлемінде қолдау көреді. 23 мыңнан астам орта және шағын бизнес тапсырыс алып, кем дегенде мыңдаған жұмыс орындарын сақтап қалады.
-
Баланың көзқарасымен санасу керек – психолог
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда балаларды дамытуға, олардың қоғамдағы іс-шараларға белсене араласуына біраз жағдайлар жасалған, дейді тәжірибелі психолог Құралай Ошақбаева.
-
Қарағандыда бес көпбалалы отбасы пәтер алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балаларды қорғау күніне орай Қарағандыда бес көп балалы отбасы баспаналы болды. "Талбесік" қоғамдық бірлестігінің қатысуымен Пәтерлерді сатып алуға демеушілер қаржылай көмек көрсетті.
-
"Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 255 мың жұмыс орны құрылады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясына байланысты екінші тоқсандағы жағдай күрделі болды. Наурыз-сәуір айында табыссыз, жұмыссыз қалған азамат саны 4 млн-нан асты.
-
Елордада санитарлық нормаларды сақтамаған 70-тен астам нысан жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 1 маусымда санитарлық нормаларды сақтамаған 70-тен астам нысан жабылды.
-
Қандастар арасында халықаралық олимпиада өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және "Отандастар қоры" ұйымдастыруымен шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған "Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша халықаралық олимпиадасын жариялайды.
-
Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан қалаларындағы 2 маусым күнгі ауа сапасы туралы болжам жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Өткен тәулікте 263 адам індет жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 263 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
-
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
"Алтай" хоккей клубы жабылды
Жастар хоккей лигасында ойнайтын қазақстандық "Алтай" жастар хоккей клубы жабылды.
-
Оралда 284 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" әр түрлі әлеуметтік топтағы салымшылары – барлығы 284 отбасы жаңа баспанаға ие болды.
-
Мемлекеттік қызметтің 42%-ы Egov порталы арқылы көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше жылдан бері Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметтері Open space форматында көрсетіліп келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Мақтааралдық 2 мыңға жуық бала республикалық лагерлерьде демалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дулат Жекебаев мәлімдеді, деп жазады Atameken Business.
-
Қазақстан құрамасы жаттығуға оралуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаттығу жиындары кезең-кезеңімен және барлық белгіленген қауіпсіздік шараларының толық сақталуын қамтамасыз ететін спорт базаларында ғана өтеді, деп хабарлайды olympic.kz.
-
Елордада әлеуметтік тұрғын үйлер қолжетімді болады
"Қарапайым заттар экономикасын" дамыту, инвесторларды қолдау, үй құрылысы комбинатының жұмысын жаңарту, құрылыс кәсіпорындарының қуатын арттыру.
-
Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымнан бастап Ақтөбенің мамандандырылған ХҚКО-да Үкіметпен қабылданған жаңа ережелер бойынша Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу басталды. Бір күнде 4 автокөлік тіркелді.
-
Сапарбаев базар басшыларына ескерту жасады
Бердібек Сапарбаев базар және сауда орындарының басшыларымен кездесті.
-
Қарағандыда заманауи оңалту орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында балаларды қорғау күні жаңа заманауи "Шипагер" оңалту орталығы ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Наверх