Все новости за 21 наурыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 54-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
-
Болат Назарбаев коронавируспен күреске 150 миллион теңге бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 наурыздағы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуінен кейін Covid-19 вирусымен күресу үшін кәсіпкерлер қорға ақша аударып жатыр. Олардың арасында Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоры да бар.
-
IWF Токио Олимпиадасының іріктеу кезеңіне өзгеріс енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты ірі алты чемпионаттың өтпеу қалуына орай Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіне өзгерістер енгізді, дкп хабарлады Olympic.kz халықаралық ұйымға сілтеме жасап.
-
АҚШ-та мейрамханаға келушілерге дәретхана қағазын сыйлап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Миннесота штатындағы мейрамхана пандемия кезінде жаңа акцияны бастады.
-
Шығыс Қазақстандағы жазасын өтеушілер туыстарына арнап бетперде тігуде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан түрмелеріндегі "Еңбек-Өскемен" РМК нысандарында жұмыс істейтін жазасын өтеушілер туған-туыстарына ерекше жолмен көмек көрсетуді қолға алды.
-
ЕАЭО футболшылары көңілімнен шықпады – отандық футболшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Биылғы Қазақстан футболының жаңалығының бірі – ЕАЭО елдерінің ойыншылары елімізде легионер болып саналмайтыны. Сондықтан кейбір клубтар премьер-лиганың алғашқы турында 1-2 жергілікті ойыншыларды ғана алаңға шығарды.
-
#Bizbirgemiz: Еріктілер төтенше жағдай кезінде ардагерлерге дәрі-дәрмек жеткізіп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында волонтерлер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге қажетті дәрі-дәрмек, азық-түліктер жеткізіп берді.
-
Қытайдан гуманитарлық көмектің бірінші партиясы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасы Қазақстанға коронавируспен күресу үшін маскалар, қорғаныш көзілдіріктер және бір рет қолданатын медициналық қолғаптар берді.
-
Төтенше жағдайда ауыл шаруашылығы нысандары жер салығынан босатылады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде ауыл шаруашылығы нысандары жер салығынан және биологиялық активтерге салынатын қосымша құн салығынан босатылады.
-
Алматы әкімдігі азық-түлікті жеткізу барысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арлан Қалуетов мегаполистегі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы туралы, бетперделер мен азық-түлікті жеткізу, олардың баға саясаты туралы мәлімдеді.
-
#BizBirgemiz акциясы Қарағанды облысын қамтыды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының еріктілері республикалық #BizBirgemiz акциясы аясында облыстың қалалары мен аудандарында тұрғындарға қажетті маска, антисептик таратты.
-
Бақыт Сұлтанов маска мен антисептиктер өндірісі туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің Фейсбуктегі парақшасында медициналық маска мен антисептиктер өндірісі туралы жазды.
-
Мамин бірнеше елдің Үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен, Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Ариповпен, Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен және Тәжікстан Республикасының премьер-министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті.
-
Карантиндегі студент: Менде бәрі жақсы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда 14 күндік оқшауландыруда жатқан Айдана Капен денсаулығының жақсы екендігін айтты. Францияда білім алатын студент қыз 18-наурыз күні Қарағандыға Минсктен ұшып келген ұшақта болған.
-
Ереже қатаң сақталып, тәртіп бұзылмауы тиіс – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың барлық блок-бекеттерінің жұмысын тексерді. Елордада 6 блок-бекет орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан.
-
Алматы облысындағы коронавирус жұқтырған азамат қажылықтан келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 53 адамға жетті. Осы ретте Алматы облысында коронавирус инфекциясы анықталған науқас қай елден келгені белгілі болды.
-
Алматыда атмосфералық ауаның негізгі ластану көзі анықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялауына және карантиннің енгізуіне байланысты Алматы қаласында алғаш рет автомобиль көлігінің саны айтарлықтай төмендеді.
-
Қарағандыға кіргізбей жатыр деген ақпарат жалған
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін аймақ тұрғындары арасында Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы облыс орталығына кіргізбей жатыр деген ақпарат тарады. Қарағанды облысы әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын айтады.
-
Коронавирус: Қырғызстанда тағы алты адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда тағы алты адамнан коронавирустық инфекцияның белгісі анықталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
-
Қойылған талаптарды орындау қажет – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барғаны туралы жазды.
-
Коронавирус: Парижде демалыста болған отбасының 4 айлық сәбиі жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 28 науқастың ішінде төрт айлық сәбиде бар екен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
-
Нығматулин: Наурыз - ынтымақтың, жаңару мен жақсылықтың символы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында барша қазақстандықтарға өзінің игі тілегін жеткізді. Бұл туралы ол Твиттердегі парақшасында жазды.
-
Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.
-
Алматыдағы барлық ұлттық саябақ уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 21 наурызынан бастап Алматы қаласындағы барлық ұлттық саябақ уақытша жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Коронавирус жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпті індетті жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тіркелді, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
-
Қарағандылықтарға балаларын балабақшаға жібермеу ұсынылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі күні облыстың мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі бүлдіршіндердің тек 20 пайызы балабақшаға барып жүр. Балалардың денсаулығына қауіп төнбес үшін оларды балалар бақшасына апармау ұсынылуда.
-
Қазақстандықтар Ресей мен Грузиядан елге жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық пандемия тудырған әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандық әуе компаниялар Қазақстан азаматтарын қайтару рейстерін орындауда, деп хабарлады ҚР ИИДМ ресми сайты.
-
Қарағандыдағы індет жұқтырған 2 сырқаттың жағдайы қалыпты
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда коронавирус індетін жұқтырған екі науқастың жағдайы қанағаттанарлықтай. Бұл жайында облыстық тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров онлайн брифингте мәлімдеді.
-
Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтап, әрбір шаңыраққа шаттық пен игілік тіледі, деп хабарлады elbasy.kz.
-
Сауда ойын-сауық орталықтары мен кинозалдарға нөлдік салық ставкасы енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты Үкіметтің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысын жариялады.
-
Жамбыл облысында төрт блок-бекет орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының кіре берістерінде коронавирусқа байланысты алдын алу шараларын күшейту мақсатында блок-бекеттер өз жұмысын бастады. Оларды орнатудағы негізгі мақсат – халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылау және жолаушылардың дене қызуын өлшеу.
-
"Уәде беремін": Біртанов хат жазған оқушыға жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов анасы дәрігер болып жұмыс істейтін 13 жасар қыздың хатына жауап берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Облыстық ҚХА мүшелері медициналық маска тігуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы коронавирусқа қарсы қадам ретінде маскалар тігуді бастады. Маскаларды аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға тегін тарату көзделуде.
-
Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 253 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 253 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
-
Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі
-
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі, 21 наурыз күні 3 қалада жағымсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп болжайды синоптиктер.
-
Павлодарда заңсыз АӘК алған 46 отбасы қаржыны қайтарған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде 2020 жылдың 1-тоқсанында 3487 отбасы АӘК алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
-
Күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирі кейінге қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күрес түрлерінен Олимпиадаға Еуропалық іріктеу турнирі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Елбасы Үндеуі: Қорға қаржы құюға әзірміз – кәсіпкерлер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында күріш өңдеумен айналысатын "Абай-Дәулет" ЖШС басшылары ағайынды Мұрат, Марат Сәрсенбаевтар Елбасының Үндеуінде айтылған Республикалық қорға қаржы құюға әзір екендерін айтты.
-
Қазақстан колонияларында қорғаныс маскалары тігілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан колонияларында қорғаныс маскалары тігіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елордада ақша айырбастау бекеттерінің жұмыс кестесі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21-25 наурыз күндері ақша айырбастау пункттері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.
-
Тбилисиден 143 қазақстандық ұшып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық пандемия жағдайындағы әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты бүгін түнде Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің көмегімен Тбилисиден еліміздің 143 азаматы ұшып келеді.
-
Коронавирус: Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев 1 млрд теңге бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаражат Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы бөлінетін болады. Оператор болып Halyk қайырымдылық қоры белгіленді, деп жазады 7kun.kz.
-
Ақмола облысының әкімі коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыс тұрғындарына коронавирус пандемиясына қатысты арнайы мәлімдеме жасады.
Наверх