Все новости за 30 қыркүйек 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Бабақұмаров бірқатар емхана басшыларына ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров медициналық мекемелердің басшылығымен эпидемияға қарсы шараларға жұмылдырылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне жалақыға үстемақы төлеу мәселелері бойынша жұмыс жиналысын өткізді.
-
Алматы облысында бітімгершілік оқу-жаттығуы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғаш рет кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуы Н.Тілендиев ауылындағы оқу-жаттығу орталығы базасында өткізілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
-
Елорданың үздік азаншысы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінде елорда өкілдігі бойынша азаншылар байқауы өтті.
-
284 адамның қос азаматтығы бары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 2 жылда ІІМ-нің бастамасымен көші-қон саласында 23 халықаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
-
ESPN орта салмақтың рейтингін жаңартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ESPN телеарнасы орта салмақтағы үздік боксшылардың рейтингін жаңартты, деп жазады Prosports.kz сайты.
-
Исекешев Арменияның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорянмен телефон арқылы сөйлесті.
-
Кембридж университетінің өкілі «Достық» орденімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кембридж білім беру бойынша серіктестігінің басқарушы директоры Джейн Манн II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
-
Абай «Қара сөздері» алғаш рет индонезия тіліне аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірге ұлы Абай «Қара сөздерінің» индонезия тіліне аударылған нұсқасының онлайн-тұсаукесерін өткізді.
-
Жамбылда есірткі тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топ сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топ ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған 9 адамға қатысты сот ісі аяқталды деп хабарлайды Polisia.kz
-
Түркістанда ішкі туризм жан-жақты дамитын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында ішкі туризмді дамытуға жан-жақты күш салынуда. Маңызды саланың бүгіні мен болашағы жайлы «Түркістандағы Туризм: қарқынды даму уақыты» атты шарада талқыланды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Астаналық бірқатар ерікті "Халық алғысы" медалін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесуде құрамына волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстардың барлық өкілі кіретін бірыңғай платформа құру мәселесі талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды.
-
Әшімбаев Қазақстанның Бас раввинімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Бас раввині Ешая Когенді қабылдады.
-
Тәрбиеші-офицерлердің оқу-әдістемелік жиыны өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының орынбасарлары, гарнизондар бастықтарының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі оқу-әдістемелік жиыны өтті.
-
1934 жылы салынған мектепке алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Қарағандының білім мекемелерінің 90 пайызына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Бұл үшін бюджеттен 4 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген.
-
Тоқаев кейбір заңнамалық актілерге қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Бір апта бұрын, дәлірегі 22 қыркүйекте «Рахат-Шымкент» фабрикасында қантты тәтті күлше шығаратын жаңа желі іске қосылды. Жалпы құны 3,2 млрд теңге болатын жаңа желіні іске қосуға «Даму Өндіріс» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 2,6 млрд теңге несие беріліпті. Несиенің пайыз мөлшерлемесі 6% екен.
-
Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 81 млрд теңгеден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 29 қыркүйегі аралығында Медициналық сақтандыру қорына 421,8 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды.
-
МӘСҚ: Жүкті әйелдерге 650 мыңға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 3 миллионға жуық стоматологиялық қызметті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төледі.
-
АҚШ-Қытай қатынасының Қазақстан мен Орталық Азияға әсері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 жаһандық пандемиясы кезінде АҚШ-Қытай қарама-қайшылықтары бірқатар жанжалдармен, үлкен мәлімдемелермен сипатталды. Сондай-ақ, әлемдік саяси және экономикалық процестердің одан әрі дамуы туралы маңызды сұрақтар туғызатын санкциялар деңгейіне өтті.
-
Қарағандының қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесі қосылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы жолаушылар автобусында электронды билет жүйесі ертеңнен бастап ресми түрде жұмыс істей бастайды. Бұл жаңашылдықты қарағандылықтар бірнеше жылдан бері күткен болатын.
-
Аида Балаева: Қазақ радиосын тыңдап өскен ұрпақпыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазанда Орынбордан ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Ұлт үнжариясы – Қазақ радиосының бірінші рет хабар таратқанына 99 жыл болады. Осыған орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева пікір білдірді.
-
Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Astana Opera сахнасында тұңғыш рет қойылғалы отырған екі бөлімді опера-буффаның негізгі премьерасы 1843 жылы 3 қаңтарда Париждегі италиялық театрда өткен.
-
Тоқаев Кувейт әміріне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Кувейт мемлекетінің әмірі Шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ақтауда 2 ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдеріне қатысты сот болып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда екі ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдеріне қатысты сот жүріп жатыр. Сот процесі көктемде басталған. Алайда, карантин салдарынан уақыты өзгеріске ұшырады.
-
«Бірлік» партиясы астанада V съезін өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бірлік» партиясы Нұр-Сұлтанда кезектен тыс V съезін өткізді.
-
Қайрат Сарыбай елші қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Асқар Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетімен «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы халықаралық конвенцияны Қазақстан Республикасының орындауы туралы сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндаманы» талқылау бойынша азаматтық сектор өкілдерімен онлайн-конференция өткізілді.
-
Тоқаев: Волонтерлік – патриотизмнің жарқын көріністерінің бірі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
-
Бәрінен де сен сұлу. Меруерт Абдалиева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бәрінен де сен сұлу» аудиоподкастының кезекті қонағы Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясының баспасөз хатшысы Меруерт Абдалиева. Бүгін ол қажырлы еңбек арқылы мақсатқа жету және қиындыққа мойымау жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Спикер журналистика саласындағы мақсат пен міндетке толы жол мен әке аманатын орындау туралы айтып берді.
-
Сот орындаушылары астық компаниясынан 200 млн-нан аса қарызды өндіріп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-ның Сот орындаушылары астық компаниясынан жалақы бойынша екі жүз миллион теңгеден астам қарызды өндіріп алды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Автомобиль жолдары саласында білікті маман тапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің Facebook-тегі парақшасында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Бас директоры Замир Сағынов оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу қажеттігін айтты.
-
Төрт қазақтың Сиднейде атой салғанына 20 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан тура 20 жыл бұрын бокстан қазақтың төрт боксшысы Сидней Олимпиадасының финалында айқасқан болатын. Әзірге бұл рекорд жаңарған жоқ.
-
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сараптау жұмыстары жыл соңында анықталады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы өңірде көркейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келе жатыр. Әсіресе киелі қаланың аты аталған кезде ең бірінші Қожа Ахмет Ясауи кесенесі еске түсетіні сөзсіз. Қазақ жерінде сонау XIV ғасырдан бері аман сақталып келе жатқан көне ғимараттың бүгінгі жай-күйі қалай? Ғалымдарымыз тарихи кешенді қалай күтіп-баптауға болатыны туралы не дейді?
-
Өскеменде есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен полициясы астанадан келіп есірткі сатқан ерлі-зайыптыларды анықтады, деп хабарлады altaynews.kz.
-
Ұлағат Ханзада: Ұлттық аңшылық неге «ерсі көрінеді»?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Журналист, этнограф, аңшы Ұлағат Ханзадамен еліміздегі ұлттық аңшылық жайлы, тазы жүгіртіп, саятшылықпен айналысу туралы әңгіме өрбітудің сәті түсті.
-
Атырау облысы аумағына блок-бекеттер қойылған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Облыс аймағындағы 4 блок-бекет наурыз айынан бері тұр.
-
Шымкентте қосымша екі зертхана салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Әбішевтің қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық ахуал бойынша брифинг өтті.
-
Байбек: Түркістанның қарыштап дамуы – сындарлы саясаттың жемісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram-дағы парақшасында жазды.
-
Волонтерлік қызмет осы жылмен тоқтап қалмайды – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Елордадағы айналма жол толығымен жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қыркүйектен 7 қазанға дейін Керей, Жәнібек хандар көшесінен оңтүстік-батыс айналма жолға дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысын толық жабу жоспарлануда. Бұл жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
-
Алдағы күндер жауын-шашынды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аптаның соңында еліміздің солтүстігінде жауын-шашын болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
-
Германияда індетке байланысты жаңа шектеулер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда мейрамхана мен дәмханаларда жалған ақпарат тастағандарға айыппұл салатын болды, деп жазды «Хабар 24».
-
Қаржы пирамидасы. «Q-net»-ке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.
-
Еуропалық одақ елордадағы жасыл желек санын көбейтті
Нұр-Cұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі ЭКСПО аумағында 27 түп ағаш отырғызды.
-
Тұмауға қарсы вакцина алушылар саны артты
Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Атырау облысына тұмауға қарсы тегін 60 мың доза вакцина бөлінген. Аймақта егу жұмыстарының 50 пайыздан астамы аяқталған.
-
Нұртөре Жүсіп: Ұлттық идеология дегеніміз – «Абай жолымен» жүру
Сенатор Ұлттық иедеология дегеніміз не? Бізде ұлттық иедеология бар ма? Біз нені идеал тұтуымыз керек? Отыз жыл бойы ұлттық идеологиямыздың діңгегі не екенін білмей келуіміздің себебі не? т.б. қатарлы сұрақтарға жауап беріп, Қазақ халқы нені идеал тұтуы керектігі төңірегінде өз ойын айтты.
-
Disney пандемия салдарынан ондаған мың қызметкерін қысқартпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыстан шығарылуы керек компания қызметкерлерінің жартысынан көбі толық емес жұмыс уақыты режимінде қызмет еткен.
-
Халықтың несиесін кешіруді Мәжілісте «Ақ жол» партиясының фракциясы қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев барлық ипотекалық, тұтынушылық және ШОБ үшін берілетін несиелердің шекті пайыздық мөлшерлемелерін ақылға қонымды деңгейге дейін төмендету бойынша шаралар қабылдауды сұрады.
-
Талдықорғанда ауа жағдайын көрсететін LED-экрандар пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған тұрғындары келесі жылдан бастап атмосфералық ауаның жағдайы туралы ақпаратты қала көшелеріне орнатылатын LED-экрандар арқылы біліп отыра алады.
-
Денис Тен атындағы шәкіртақыға құжат қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері Денис Тенің атына тағайындалған шәкіртақыға құжаттар қабылдануда, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Қазақстандағы ондаған мың компания мен жеке кәсіпкерлерге қауіп төніп тұр - депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мейрам Пішембаев отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде премьер-министрдің атына сауал жолдады.
-
Қорғаныс министрлігінің спорт нысандары ҰОК-ның аккредитациясына ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының спорт нысандарының сәйкестік сертификатын Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Алматыда тапсырды.
-
3 362 медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлемдер алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-бен күресуге тартылған 3 362 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.
-
Астана әкімі қай аудандарға газ жеткізілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде айтып берді.
-
Елордада Қостанай және Қарағанды облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды ұмытпауы керек, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Бақыт Сұлтанов пен ЕАДБ басшысы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) басқарма төрағасы Николай Подгузовтың кездесуі өтті.
-
Мамин ауылдарды кең жолақты интернетке қосу бойынша бірқатар тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің онлайн отырысында ауылдарды кең жолақты интернетке қосу бойынша бірқатар тапсырма берді.
-
Қай аймақтар жылдам интернетке қосылғаны туралы айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев баяндап берді.
-
Жыл соңына дейін қанша ауыл интернетпен қамтылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкіметтің онлайн отырысында айтты.
-
Мамин отын дайындау деңгейі жеткіліксіз өңірлерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің онлайн отырысында отын дайындау деңгейі жеткіліксіз өңірлерді атады.
-
COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 299 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 299 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.
-
Той, түнгі клуб, демалыс орындары. Карантин режимін бұзғандар анықталды – Тұрғымбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтып берді.
-
Энергетика кәсіпорындарының күзгі-қысқы мерзімге дайындығы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкіметтің онлайн отырысында энергетика кәсіпорындарының күзгі-қысқы мерзімге дайындығы туралы айтты.
-
Екі өңірде 4 блок-бекет пен 2 санитарлық бекет қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтып берді.
-
Санитарлық режимді бұзудың кез келген жағдайының жолын кесу қажет - Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Санитариялық режимді бұзудың кез келген жағдайының жолын кесу қажет. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің онлайн отырысында айтты.
-
ШҚО-да туризмге байланысты жаңа жоба қолға алынады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыстың інжу маржаны саналатын Катонқарағай ауданында «Жасыл денсаулық алаңы» жобасы іске асырылуы мүмкін.
-
Республика бойынша қанша адамға вакцина салынады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің онлайн отырысында республика бойынша қанша адамға вакцина салынатынын айтты.
-
Елімізде күніне қанша маска шығарылатынын білесіз бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.
-
Цой өзге елдермен әуе қатынасын шектеуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің онлайн отырысында айтты.
-
Цой оқушылар арасында коронавирусты қанша бала жұқтырғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің онлайн отырысында айтты.
-
Қазақстандық спортшылар гимнастикадан әлем кубогіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшылар спорттық гимнастикадан әлем кубогіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
COVID-19: Елімізде өткен тәулікте 69 адам жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстан бойынша өткен тәулікте 69 адам коронавирустан емделіп шыққан.
-
Талаптар сақталмаса, қатаң карантиндік шараларды қайта енгіземіз – Пірәлиева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан тұрғындары санитар дәрігерлерінің талаптарын орыдамаса, қатаң карантиндік шаралар қайта қабылдануы мүмкін. Бұл туралы әкімдікте өткен брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева ескертті.
-
Қазақстанда өткен тәулікте 75 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 75 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы бүгін coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
-
Ауа райы: Үш облыста 1-3 градус үсік жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 30 қыркүйекте ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметі.
-
Қазақстанда сатып алушылық қабілет төмендесе де, турдемалыс қымбат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың сатып алушылық қабілеті 2014 жылдан бері төмендеп келеді. Ал еліміздегі туристік нысандардағы демалу құны болса, жоғары. Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ 2021-2030 жылдарға арналған даму стратегиясында осылай деп мәлімдеді.
-
Павлодарда бірнеше жанармай бекетін тонаған қарақшылар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық полицейлер бір топ адамның жанар-жағармай құю бекеттеріне жасаған қарақшылық шабуылдарының бетін ашты. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.
-
СҚО-да ата-аналардың өтінішімен жаңа мектеп бой көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында 300 орынға шақталған жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.
-
Коронавирусты адам ағзасына қабылдатпайтын дәрі жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Вашингтон университетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы тиімді дәрі ойлап тапты, деп хабарлады Science.
-
Елімізде табысын жоғалтқан кинотеатрлар қайта ашылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде кинотеатрлар қайта ашылуы мүмкін. Бірақ, көрермен залын толтырмай, санитарлық талап сақталуы тиіс. Қазір Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл мәселені жан-жақты зерделеп жатыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
-
Алматыда 82 жастағы мұғалім балаларға YouTube арқылы сабақ беруде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 82 жастағы алматылық Райхан Нұрсейітова YouTube желісінен арна ашып, мектеп оқушыларына орыс тілінен сабақ өткізеді. Қазір оның виртуалды сыныбында 38 оқушы бар. Олардың қатары күн санап артып келеді, деп хабарлады «Хабар 24» арнасы.
-
БҚО-да қуаңшылық салдарынан мал азығы жетіспей жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының шаруалары малға қысқы азық таппай тарығып отыр. Өйткені биыл жарытып шөп шықпаған. Осыдан болар, бар азықтың бағасы жылдағыдан еселепті. Жауапты мамандар биыл өңірдегі өзен-көлдерге су жеткілікті деңгейде келмеді әрі жарытып жаңбыр да жаумады деп отыр.
-
Арқалықта қырылған 360 мыңнан астам құстың орны толтырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз жиынында Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішев «Агроинтерқұс» фабрикасындағы құстардың өліміне қатысты сауалға жауап берді.
Наверх