Все новости за 21 қыркүйек 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Құс тұмауы: Павлодарлықтарға аң ауламауға кеңес берілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында аңшыларға аңдарды, әсіресе құстарды ауламау ұсынылуда, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы түрік тілінде жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ыстанбұл университеті Түрік тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы Доцент Уғур Гүрсу Мағжан Жұмаевтың «Педагогика» кітабын түрікше жариялады.
-
Қазақстандық файтер Грозныйда жекпе-жек өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Arlan MMA Pro Team клубының файтері Олжас Есқараевтың келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы анықталды, деп жазады Prosports.kz.
-
Түркістанда «ақылды» мал бордақылау алаңы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Амангелді елдімекенде «ақылды» мал бордақылау алаңы іске қосылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Елордада балаларға арналған концерттер мен спектакльдер өткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың кішкентай тұрғындарына арналған мәдени бағдарламада өнер қайраткерлерімен, танымал адамдармен тікелей эфирде кездесулер де бар, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Шымкентте пойыз бен жеңіл көлік соғысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Пойыз бен «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Тоқаев БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада бейнеүндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада бейнеүндеу жасады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
ӘМСҚ басты мақсаты қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық қызмет сапасына қатысты пациенттердің сұрақтарына байланысты қор филиалының сарапшылары елордадағы медициналық ұйымдар ұсынатын медициналық көмектің сапасына мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
-
Қапшағайда Қадыр ақынның құрметіне бюст ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына биыл 85 жыл! Осыған орай ақынның құрметіне Қапшағай қаласында бюст ашылды, сонымен қатар «Қазақтың Қадыры» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайдыAlmaty.tv.
-
Алматыда MTK Golden Contract турнирі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қыркүйекте Алматыда MTK Fight Night бокс кешінің алдында MTK Global Golden Contract турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Елордалық дәрігерлер ауыр жарақат алған баланың өмірін сақтап қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы №2 көпбейінді балалар ауруханасындағы жедел хирургияның жедел жәрдем бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілген 2015 жылғы қыз баланы дәрігелер аман алып қалды.
-
Маңғыстауда келесі жылы екі бағытта ақылы жол іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
-
Тұмауға қарсы вакцина COVID-19-ды 20% төмендетеді - Алмаз Шарман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Қазақстанның профилактикалық медицина Академиясының президенті Алмаз Шарман, қалада тұрғындарды тұмауға қарсы вакциналау шарасын қолдады.
-
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен, ҚМДБ жанындағы Республикалық ақпараттық - ағарту тобының мүшелерімен кездесті.
-
8 айда 267 млн тонна жүк тасымалданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жыл басынан бері елімізде темір жол көлігімен жүк тасымалдауда оң серпін бар. Өткен жылы осы кезеңде аталған көрсеткіш 263 млн тонна болса, биылғы 8 айда 267 млн тоннаға жетіп, 1,5% өсім болды.
-
Алтай Көлгінов астанаға жылу қашан берілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов жылыту маусымының басталуы жөнінде жиналыс өткізді. Бұл туралы ол өз инстаграм парақшасында жазды.
-
Ноғаев: Қазақстан уранды кәдеге жарату жұмыстарын жүргізуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Бас конференциясының 64-сессиясы басталды.
-
Блок шығаратын зауыт салынуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылысы бойынша Базалық ұйымның (СҚБҰ) жұмысы шеңберінде темірбетон көлемді модульдер мен олардан жасалған ғимараттардың фрагменттерін сынауға арналған эксперименталдық полигон құрылысын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
-
ЕАЭО. Қырғызстанның кеден пунктерін жаңғыртуды аяқтау уақыты белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сенатында Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.
-
Ливанда Қазақстан жауынгері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айындағы қорытындылау кезінде Үнді бітімгерлік батальонының командирі Ливан Республикасындағы қазақстандық бітімгерлердің қызметіне оң баға берді.
-
Инвесторлар әлеуметтік жобаларға 10 млн доллардан астам қаржы бөледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда инвесторлар есебінен әлеуметтік жобаларға 10 миллион доллардан астам қаражат бөлу жоспарлануда.
-
Баян-Өлгийде «Қазақ киносының күндері» өтуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Үкіметі жанындағы Мәдениет және өнер басқармасының бастығы Ц.Нацагдолгормен кездесті.
-
COVID-19-дан кейін қай жерден тегін оңалтудан өтуге болады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының емханаларында оңалту бөлімшелері құрылып, жұмыс істеуге кірісті.
-
90 жылдыққа 90 шақырымдық марафон
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан-Сібір магистралы құрылысының 90 жылдығына арналған жүгіріс Қостанай ЖТ бөлімшесі ғимаратынан Рудный қаласына дейін және кері бағытта орын алды.
-
Елімізде адам ағзасын трансплантациялаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда 1200 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында тұр. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
-
Бүгін Тоқаев бейнеүндеу жасайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
-
Шымкентте 800 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылы қала аумағына 800 мыңға жуық ағаш көшетін егу жоспарланған, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Праймериз: Алматыда кандидаттар 2 мыңға жуық шара өткізді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда үгіт-насихаттың басынан праймериз кандидаттары 2000-ға жуық іс-шара өткізді. Бұл туралы Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бурабай көлінде балықтардың қырылуына қатысты талдау жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Щучье-Бурабай курорттық аймағының көлінде балықтардың қырылғаны туралы ақпаратқа «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі жауап берді.
-
Семейде өзін полицей ретінде таныстырған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция бөліміне алаяқтық туралы арызбен 47 жастағы әйел жүгінді.
-
Құс тұмауы: Фермерлерге 390 млн теңге төленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты.
-
СҚО-да құстарды әдейі өлтіруі мүмкін. Ақпарат қаншалықты рас?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Солтүстік өңірге барған комиссия мүшелері үш құс фабрикасына кіріп шықты.
-
Stopfake.kz арқасында 100-ден астам жалған хабарлама әшкереленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құрылған Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаны әшкереледі.
-
Құс тұмауы: Бірқатар ауданға шектеу қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қызғалдақ Жұбатқанова айтты.
-
Коронавирус жерге қалай әсер етті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германиядағы Карлсруэ технологиялық институтының ғалымдары коронавирус пандемиясының Жер климатына әсерін айтты.
-
Алматы жартылай марафон 2020 онлайн форматта өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Жаппай іс-шараларды өткізуге тыйым салынған соң ұйымдастырушылар марафонды онлайн форматта өткізуді жөн санапты.
-
Құс тұмауының адамға әсері бар ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
1 қарашадан бастап тауарларға ілеспе жүк құжаттары ресімделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Құс тұмауы: АШМ құстардың жаппай қырылу себебін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Бірқатар букмекерлік кеңсеге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 765 заңсыз ойын мекемесі анықталды.
-
Nur Otan жаңа бағдарламалар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan халықпен талқылау үшін әр өңір, қала және аудан бойынша алдағы 5 жылға арналған 216 сайлауалды бағдарламасының жобаларын жариялады.
-
Қаржы пирамидасын жарнамалағандарға қандай шара қолданылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы сегіз айда қаржы пирамидаларына қатысты 37 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ерден Жұма мәлім етті.
-
17 адамды бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында полицейлер өзгелерді блогерлер болып бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Бюджет қаржысы бір күндік фирмалар арқылы жымқырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «QAZYNA» жедел алдын алу шарасы аясында бір күндік фирмалармен байланысы бар 90-нан астам мемлекеттік сатып алу қызметін жеңіп алған мекемелер анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қаржы мониторингі комитетінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ерден Жұма мәлім етті.
-
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде бұқаралық спортты дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы қатысты.
-
Сенаторлар республикалық бюджетті пысықтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Палата төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен өткен Сенат Бюросының отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі талқыланып, Мәжілістен келіп түскен заң жобалары комитеттер арасында бөлініп берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
-
Елордада 70 шақырым веложол іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын велосипедпен жүру елорда тұрғындары арасында көп сұранысқа ие. Мамандар велоспортпен айналысудың пайдасы аз емес екенін айтады. Бұл ұйқының жақсаруы, қан айналымы, төзімділіктің жоғарылауы, стресстің төмендеуі. Нұр-Сұлтанда жыл сайын жүгіру және вело жолақтар саны артып келеді.
-
Алматылық иммунолог күз-қыс кезінде қандай ережені ұстану керектігін айтты
Алматы, BAQ.KZ. Медицина ғылымының кандидаты, доцент, үздіксіз білім берудің Қазақстандық медициналық университетінің фундаменталды ғылымдар: микробиология, вирусология және жалпы иммунология, гигиена және эпидемиология кафедрасының профессоры Раушан Тьесова-Бердалина Алматының өңірлік коммуникациялар қызметіне берген эксклюзивті сұхбатында әлемдегі коронавирус инфекциясының басқа аурулармен қабаттасуы мүмкін екендігін айтып, алматылықтарға кеңес берді.
-
Ұйымдасқан экономикалық қылмыс саны рекордтық көрсеткішке жеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде ұйымдасқан экономикалық қылмыс соңғы бес жылда болмаған көрсеткішке жетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комиетінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ерден Жұма мәлім етті.
-
Қытайда Ресейден әкелінген өнімдерден коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекцияның іздері бар қаптама Чанчунь қаласындағы тұрақты тексерулердің бірінде табылды.
-
Шымкент тұрғындарына «Halyk-saulet» жүйесі арқылы қызмет көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы жер, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 19 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінде оның барлығы да электронды түрде жүргізіліп отыр.
-
Пара алған күдіктілер енді электронды білезік тағады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Агенттіктің электрондық бақылау құралдарын қолдануы туралы өткен онлайн брифинг кезінде Агенттік төрағасының цифрландыру мәселелері жөніндегі көмекшісі Аслан Құсайынов айтып берді.
-
Семей телестудиясына 55 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мерейтойлық шаралардың аясында «SEMEI» телеарнасының директоры Хасен Советханұлы Молдабаевтың басшылығымен көпшілік оқырман мен болашағын тележурналистикамен байланыстырғысы келетін жастар үшін «Алаштың айнасы» кітабы жарыққа шықты.
-
Ипотекалық секьюритилендіру мәмілесі осы нарықты дамытудың тиімді тәсілі болмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов ипотекалық секьюритилендіру бойынша дебюттік мәмілеге арналған онлайн конференция барысында айтты.
-
Әр адам өз денсаулығына жауапты – дәрігер
Алматы, BAQ.KZ. Пациенттердің өз денсаулығы үшін жауапкершілігін қалай арттыруға болады, медицина қызметкерлері қалай олардың серіктесі бола алады, созылмалы аурулары бар науқастар денсаулығы нашарлап, ауруы асқынған кезде өздеріне қалай көмектесе алады? Осы сұрақтардың барлығына Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының өңірлермен жұмыс бөлімінің басшысы Раушан Қабыкенова жауап берді.
-
Республикалық жолдардың бойында 400-ден астам санитарлық торап орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында санитарлық-гигиеналық тораптардың 297 бірлігін орнату көзделген.
-
Еліміздің солтүстігінде қар жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» алдағы үш күнге, 22-24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады.
-
Қазақстанда 1200 адам із-түзсіз жоғалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 1200 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев адам саудасына қарсы күрес барысы туралы өткен брифингте айтты.
-
1,7 мыңнан астам медицина қызметкері МӘСҚ-дан төлемдер алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1,7 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты МӘСҚ-дан төлемдер алды.
-
3 күнде адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмыс әшкереленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 3 күнде адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмыс әшкереленді. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев адам саудасына қарсы күрес барысы туралы өткен брифингте айтты.
-
Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мақсат Қиқымов тағайындалды.
-
Шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі ұзартылды . Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз ішкі істер министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингте айтты.
-
Іздеудегі 16 қылмыскер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері іздестірудегі 16 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Жұмыс орнында әріптесін өлтірген алматылық сотталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда өз әріптесін өлтірген ер адам тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Nur Otan» халықты жұмыспен қамту жол картасын ұзартуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы Халықты жұмыспен қамту мәселесіне алаңдаулы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықты жұмыспен қамтуды қолдау үшін «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы іске асырылуда.
-
«Олар жаны мен сүйегіне дейін патриот». Түркияға келін болған қазақ қызы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қыздардың біразы түрік сериалдарындағыдай махаббатты идеалдандыратыны жасырын емес шығар. Тәтті сезімнің әсерімен өзге ұлттың етегін ұстап, шетел асып кеткендер қаншама? Бірақ адамды ұлтқа бөлуге болмайды. Ең бастысы - оның адамгершілігінде. Бүгінгі кейіпкеріміз де осыны алға тартты. Түркияға келін болған Гүлназ Акар қазақ пен түріктің айырмашылығы көп емес екенін айтты.
-
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 153,3 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы қаңтар-тамыз аралығында жалпы сомасы 153,3 млрд теңгеге 390 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды.
-
Ұлттық кеңесте волонтерлікті негізгі жұмыс тәжірибесіне қосуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері 18 қыркүйекте онлайн режимде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовпен әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелерін талқылады.
-
«Астана Опера» VIII маусымын ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана Опера» театры «Опералық классикаға саяхат» атты ғаламат гала-концертімен өзінің VIII маусымын ашты.
-
Бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қыркүйекке Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
-
COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 62 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 62 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
-
Қазақстан халқы 1,3 пайызға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 238,6мың адамға немесе 1,3% өсті.
-
Дүйсенбі, 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қыркүйекте күні республиканың басым бөлігінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер етеді. Соның салдарынан жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Ал елдің шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
СҚО-да тәулік ішінде құс тұмауынан 180 мың тауық қырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ. СҚО-дағы Бескөл құс фабрикасында бір тәулікте тауықтардың жартысынан көбі құс тұмауынан қырылып қалды, деп хабарлайды Петропавловск.news басылымы.
-
Өткен тәулікте 64 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 64 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 45 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 45 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Наверх