Все новости за 21 мамыр 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Карантин. Көктемгі әскерге шақыру басталды
Карантин кезінде үнемі медициналық тексеру және жас буынды әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі, сондай-ақ бастапқы әскери дайындық курсы бойынша сабақтар ұйымдастырылады.
-
"Жогорку Кенештің" әрекеттерінен ұялған депутат мандатын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан парламентінің депутаты Исхак Масалиев 21 мамырда "Жогорку Кенештің сәтсіздігіне ұялатынын" айтып, мандатын тапсыратынын мәлімдеді.
-
393 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың басынан бері 393 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі салынды. Бұл ауылдық елді мекендерді жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды жобаны іске асырудың нәтижесінде мүмкін болды.
-
Төтенше жағдай. 586 мың азамат 19 млрд теңге көмек алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында 113 мың отбасыдан 586 мыңға жуық адамға жалпы сомасы 19,6 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және төленді.
-
Министрлік COVID-19-ға 10 000-ға жуық зерттеу жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының зертханасы COVID-19-ға 10 000-ға жуық зерттеу жүргізді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Коронавирус салдарынан бір ел жойылып кетуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ-ның есептеуінше, Йеменде кемінде 24 миллион адамға гуманитарлық көмек қажет.
-
Қазақстан әлемдегі көмір өндірісінің 4% иеленеді
Көмір өнеркәсібі экономиканың ірі салаларының бірі және электр энергиясының шамамен 70% өндірісін, кокс-химия өндірісінің толық жүктемесін қамтамасыз етеді.
-
Министрлік БҚО-да кене буған малға қатысты түсініктеме берді
Бұл үшін әкімдіктер осы аймаққа тән жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекітуі тиіс.
-
ҚМДБ ораза айт мейрамына қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы төтенше жағдайға байланысты ораза айт мейрамын өткізу туралы мәлімдеме жасады.
-
Астаналық азамат бір отбасын өрттен құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 мамыр күні сағат 06.23-де Саржайлау көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ақмола облысында індет жұқтырғандардың көбі астана маңындағы ауылдарда тіркелген
Қосшы селолық округі қауіпті індеттен көш бастап тұр. Аталған ауылда еліміз бойынша COVID-19 індетінен алғашқы адам көз жұмғаны белгілі. Қазір мұнда 30 жағдай тіркелді.
-
"Жошы хан" тарихи-мәдени кешенінің құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановпен бірге "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасына енгізілген Ұлытау ауданында болды.
-
Жантас Шәріпов: Мердігерлер жол сапасындағы олқылықты жөндеуге асығар емес
Баршамызға мәлім, республика көлемінде, сонымен қатар облысымызда жыл сайын қыруар қаражат бөлініп, жол салу, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
-
Коронавирус. "Қазмедиа" қатаң режимге өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Евразия + ОРТ" ЖШС қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына қатысты пікір білдірді.
-
Ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспары бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі Ақпарат саласын дамытудың 2020 – 2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы қаулы қабылдады.
-
Абай мұрасына арналған халықаралық конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Халықаралық Түркі академиясы өзінің 10 жылдығы қарсаңында түркі әлемнің тұғырлы тұлғасы, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту мақсатында "Абай және ХХІ ғасыр: дәуірлер сабақтастығы" тақырыбында онлайн-конференция өткізді.
-
4 айда құрылыс саласында 845 сараптама жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс саласында сараптамалық қызметті автоматтандыру мақсатында 2015 жылдың 1 мамырынан бастап бірыңғай кешенді ведомстводан тыс құрылыс жобаларына кешенді сараптама жүргізу үшін "бір терезе" қағидаты енгізілді.
-
ШҚО-да 8 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 8 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 404 жас жұмыспен қамтылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматының Жетісу ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 741 адам жұмысқа орналасады.
-
АҚШ-тағы Қазақстан елшісі еліміздегі коронавируспен күресті жоғары бағалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Ержан Қазыханов "The Washington Time" басылымында еліміздің коронавирусқа қарсы әрекеті туралы жазып, оны Орталық Азиядағы антипандемиялық модель деп атады.
-
Қатар COVID-19-бен күресу үшін медициналық қорғаныс құралдарын жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Qatar Airways" әуекомпаниясының арнайы рейсімен Дохадан Нұр-Сұлтанға гуманитарлық көмек келді.
-
Испания Премьер-министрі халықтан кешірім сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел билігі төтенше шаралардың әрекетін қайта ұзартты.
-
Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының төтенше отырысы өтті
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы (ТӘҰҒАО) президиумының онлайн форматтағы отырысы өтті, деп хабарлайды Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі.
-
Аудан әкімі ереже бұзғанын жасыру үшін "өліп" қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Перудің батысында орналасқан Кастровиррейн провинциясы аудандарының бірінің мэрі коменданттық сағат пен басқа да карантиндік шараларды бұзғанын жасыру үшін табытқа түсіп, «мерт болды» деп хабарлайды Comercio жергілікті газеті.
-
"Самұрық-Қазына" Мақтааралға 1 млрд теңге жібереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы зақымдалған нысандарды қалпына келтіруге 1 млрд теңге жібереді.
-
Қашықтағы жұмыс экономиканың тұтас секторлары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясына байланысты жақын арада қашықтан жұмыс істеу үшін бос орындар саны өседі деп күтілуде. Еңбек ғылыми-зерттеу институтының мамандары осындай қорытындыға келіп отыр, деп хабарлады RT телеарнасы.
-
"Қазмедиа орталығы" қызметкерлерінен коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Қазмедиа орталығы" әкімшілігі таратқан хабарламадан белгілі болды.
-
Екпенің арқасында халық көптеген инфекциядан аман қалды – дәрігер
Алматы, BAQ.KZ. 18 ғасырда ғана 60 млн адамның өліміне себепші болған шешек індеті туралы адамдар бүгінгі күні біле бермейді. Вакцинаның арқасында 1977 жылдан бері әлемде ешкім бұл аурумен ауырған жоқ.
-
58 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде тағы 58 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Тоқаев Мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары туралы Заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан табиғатты қорғаудың "үміт карталарын" құрған әлемдегі бес елдің бірі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоршаған ортаны қорғау саясаты саласындағы әлемдік жетекші ғалымдар мен сарапшылар Қазақстанның тіршілік әрекетін қамтамасыз етудің негізгі салаларын айқындайтын "үміт карталарын" құру үшін жергілікті серіктестерімен кездесті.
-
"Қара сөздер" әзербайжан және өзбек тілдерінде жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Доллардың құны 385 теңгеге дейін түседі – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Доллардың құны 400 теңгеге дейін түсіп, содан кейін 385 теңге көлеміне тұрақтайды. Мұндай болжамды CEX.IO брокерінің деректерді талдау бөлімінің жетекшісі Юрий Мазур айтып отыр.
-
Covid-19: Алматыдағы қазіргі жағдай
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда Covid-19 вирусын жұқтырған жаңа 57 жағдай тіркелді. Оның төртеуі өздігінен тексерілуге жүгінген адамдар. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
-
Түркия туристерді қарсы алуға дайын ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрік билігі коронавирустан сертификатталған жоспардағы қауіпсіздік бойынша туристік нысандарды маусым айының басында жариялайды.
-
Жамбыл облысында мал басы артып келеді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында осы саланы дамыту мақсатында 22,8 млрд теңге бөлінген.
-
Әншілер карантиннен кейін жиналып "шегіртке" дегендерді сотқа бермек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі карантиндік шектеулер аяқталған соң, әншілер жиналып, "шегіртке" дегендерді сотқа бермек.
-
Енді партиялық тізімде әйелдер мен жастардың үлесі 30%-ды құрайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Қытай ірі эпидемия жағдайына арнап медициналық база тұрғызып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. База жалпы ауданы 120 мың шаршы метр болатын 16 қабатты ғимаратта орналасады, деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі.
-
Жемқорлық дерегі бойынша шалынған қоңыраудың 64-і расталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жемқорлық дерегі бойынша қоңырау шалғандар ішінде 64 жағдай расталды. Жемқорлық жайлы хабарлағандарға 10 млн теңге сомасында сыйақы берілген.
-
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жазылбек Ұлан Еркінұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
-
Қазақстанға келген гуманитарлық көмек өңірлерге қалай бөлінеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп бүгін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында айтты.
-
Елімізде Мароккалық шегірткенің алғашқы таралу ошақтары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АШМ баспасөз қызметі Қазақстанның оңтүстігінде шегірткенің таралу ошағын анықталғанын, тиісті мамандар зиянкесті жоюға кіріскендерін хабарлады.
-
Былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке 26 мыңнан астам өтініш түскен
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша 193 мың адамды қамтыған 581 тікелей эфир ұйымдастырылды.
-
Қазақстан алған 9 вакцина ДДСҰ тексерісінен өткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында айтты.
-
Тоқаев өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
-
1,3 млн қазақстандық "Birgemiz" қорынан көмек алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының тапсырмасы бойынша "Nur Otan" партиясы және Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен "Birgemiz" қоры мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда.
-
Атырау облысында 1,5 жасар баланы іздеп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 мамыр күні сағат 20:10-да диспетчерлік қызмет пультіне Жұлдыз-1 ықшам ауданында сол күні сағат 13:00 шамасында үйдің ауласына шыққан 2018 жылы туған баланың із-түзсіз жоғалып кеткені жөнінде хабар келіп түсті.
-
Үндістан мен Бангладеште циклоннан 14 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Амфан соңғы жылдардағы Бенгал шығанағындағы ең қуатты дауыл. Жел екпінінің максималды жылдамдығы 265 км/с жетеді. Үндістанның шығысы мен Бангладеште Амфан циклонының күшті соққысынан кемінде 14 адам қаза тапты. Мыңдаған үй қираған, деп хабарлайды Интерфакс.
-
Курсанттар әскери автокөліктерді меңгеріп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары оқу аудиторияларын автодромға алмастырып, жүк көліктерін жүргізуді үйреніп жатыр.
-
Коронавирусқа шалдыққан науқас дертке немқұрайлы қарамауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәділдә Әбдіхан есімді науқастың бейне-мәлімдемесі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
-
43 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 43 адам коронавирус індетінен жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
-
Маңғыстауда заңсыз мұнай өндірілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында заңсыз 0,5 миллиард теңгеден астам 3 мың тоннадаға жуық мұнай өндірілген. Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
"Титаник": Алып кеменің ашылмаған сыры
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ соты теңіздің түбінде жатқан "Титаник" лайнерінің қаптамасын ашуға рұқсат берді. Десе де ғалымдар тарихи қызығушылық тудыратын заттарды кемеден тек 10-15 жылдан кейін алуға болады деп санайды.
-
Алматыға төмен бағамен ет жеткізіле бастады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда базардың орташа бағасынан төмен бағамен қосымша ретінде жоғары сапалы ет өнімін жеткізу басталды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
-
Жапония: Коронавирус бақылауға алынбаса, Токио ойындары күшін жояды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын 2021 жылы өткізе алмаса, алынып тастайтынын айтты. Бұл туралы РИА Новости жазады.
-
Алматыда халықты алдап келген алаяқ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы жабдықтарды арзан бағамен алып беремін деп уәде берген алаяқты ұстады.
-
Қостанай облысында карантинді жеңілдетудің жаңа кезеңі енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирусты инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.
-
АҚШ технология көмегімен коронавирусты бақылай бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың үш штатының билігі арнайы мобильді қосымшаларды қолдануды мақұлдады. Алабама, Солтүстік Дакота және Оңтүстік Каролина билігі Apple және Google компаниялары әзірлеген – коронавирус жұқтырған адамдардың байланыстарын қадағалау технологиясын пайдалана бастады. Бұл туралы CNBC телекомпаниясы хабарлады.
-
Мақтаарал: Тасқын су толық кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Фейсбуктегі парақшасында су басқан елді мекендер туралы қуанышты жаңалығымен бөлісті.
-
ЕАЭО аумағында тауар айналымы қадағаланып отыратын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау жөніндегі" заң жобасы қабылданды.
-
Ол ұзақ ауырды: Бейсен Құранбектің жары жан сырымен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында өмірден өткен танымал тележурналист Бейсен Құранбекті жоқтаған жары Гүлмира халыққа басу айтты. Бұл туралы "Жетісу" телеарнасы директорының орынбасары Серік Әбікенұлы жазды.
-
Балаева: Еріктілер өз белсенділігімен жақсылық жасауға талпындырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. КР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандық еріктілерге атқарылған жұмыстары мен алдағы істері үшін алғысын білдірді.
-
ХҚКО-ға барудың жаңа тәртібі белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ресми түрде төтенше жағдай тәртібі аяқталды. Бұған қарамастан, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін көптеген аймақта карантин шаралары жалғасуда.
-
Мемлекеттік тілде жақсы баяндама жасадыңыз: Әшімбаев вице-министр Панға риза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында сайлау туралы мемлекеттік тілде баяндама жасаған Әділет вице-министрі, қазіргі уақытта министрдің міндетін атқарушы Наталья Панға төраға Мәулен Әшімбаев риза болды.
-
Министр мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекемен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әріптестерін Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесімен құттықтады.
-
Түркістан облысында екіқабатты монша өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының өрт сөндірушілері "Арасан" моншасындағы өртті сөндірді, деп хабарлады ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
-
Сенат судьяларды қызметінен босатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды.
-
Төтенше жағдай: Мерзімді қызметтегі сарбаздар үйлеріне қайтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың жауынгерлік тумен қоштасу рәсімдері өткізілді.
-
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі үш есе төмендеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың және облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі комиссияның және заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Оған облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары қатысты.
-
GGG "кім мықты" деген әлемдік бәсекеге қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) бокс тарихында орта дивизионның ең мықты панчері кім екенін анықтамақ, деп хабарлады Vesti.kz.
-
27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысы 27 мамыр күні онлайн форматта өтеді.
-
Мәдениет және спорт саласында 135 сыбайлас жемқорлық тіркелген
Алматы, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболаттың, орталық аппарат, ведомствоға қарайтын ұйымдар мен облыстық басқармалар ұжымдарының қатысуымен мәжіліс өткізді.
-
ТЖ кезеңінде 600 мыңға жуық қазақстандық АӘК алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында 113 мың отбасыдан 586 мыңға жуық адамға жалпы сомасы 19,6 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және төленді.
-
ШҚО-да Ресейден келген студенттен COVID-19 анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
АҚШ-тың федералды соты Храпуновтарға қарсы шешім шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 20 мамырда Нью-Йорктың оңтүстік округі бойынша АҚШ округктік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы шешім шығарды.
-
Өткен тәулікте 265 адам коронавирус індетін жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 265 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
-
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 мамыр күні Шымкент пен Балқашта жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Әлемде өткен тәулікте індет жұқтырған 106 мың адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде бір тәулікте COVID-19-ды жұқтырған 106 мың адам тіркелгенін хабарлады.
-
Бейсенбі, 21 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, мамырдың 21-і күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Көп жерлерде жауын жауып, кей жерлерде тіпті нөсерлетеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Орман арасынан 56 дана су жаңа Toyota Camry табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Челябинск қаласының сыртындағы орман арасындағы ашық алаңда елуден астам қара түсті бірдей Toyota Camry автокөлігі біраз уақыттан бері тұрғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Пітір садақасын барлық адам беруі міндетті ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рамазан айында орындалуы тиіс құлшылықтардың бірі – пітір садақасы. Және де ол айт намазына дейін берілуі керек. Ал пітір садақасын елдің барлығы беруге міндетті ме?
-
Алматыда ШОБ саласында 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
Бейне-конференц-байланыс режимінде өткен кездесуде коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары бойынша мәселелер пысықталды.
-
АІВА президентінің сайлауы желтоқсан айына жоспарланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-13 желтоқсан күндері Халықаралық бокс қауымдастығының жаңа президенті сайланады.
-
Елорда әкімі кезекті рет азаматтарды онлайн қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қабылдау барысында жұмысқа қайта орналасу, кәсіпкерлерге арналған грант алу, ауданда медициналық мекеме ашу мәселелері көтерілді. Мәселелер бақылауға алынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Мешіт астынан қылует бөлмесі табылды
2019 жылы Ә.Марғұлан атындағы археология институты жүргізген зерттеу кезінде мешіт астынан қылует бөлмесі анықталды.
-
Криштиану Роналду қонақ үй салуды жоспарлап отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ювентус" футболшысы Криштиану Роналду лиссабондық Ривьерде жер теліміне ие болды. Бұл туралы Kursiv.kz Vidas Correio da Manhã-қа сілтеме жасап хабарлайды.
-
Қорытынды аттестаттау және дипломдық жұмыс онлайн форматта өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қашықтан оқыту сапасын қамтамасыз ету үшін оқушылар мен педагогтерді компьютер және интернетпен қамту бойынша мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қостанайда карантин талаптарын бұзу жиілеген
Бұл туралы арнайы штабқа тұрғындардан көп шағым түсіп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
Өргебаста құрылыс өрге баса бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Өргебас пен Фирдауси ауылдарында қабырғалары шытынаған үйлер мен қора-қопсылардың материалдарын реттеу жұмыстары басталды.
Наверх