Алматыда халықты алдап келген алаяқ ұсталды

21 Мамыр 2020, 13:17
1736
Бөлісу:
Алматыда халықты алдап келген алаяқ ұсталды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы полициясы жабдықтарды арзан бағамен алып беремін деп уәде берген алаяқты ұстады. 

25 жастағы С.есімді азамат техника сататын негізгі дүкендердің бірінде жұмыс істеймін және кез-келген техниканы арзан бағамен алып бере аламын деп сендірген.

Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қуаныш Күдебаевтың айтуынша,  ол еш жерде жұмыс істемей, таныстарына жаңа телефондар, компьютерлер, ноутбуктар мен басқа да техникалық жабдықтарды нарық бағасынан төмен бағамен алуды ұсынып, ақша табуды ұйғарған. 
Аңғал азаматтар бағаның айырмашылығына таңқалып, оның карточка шотына ақшаны салып, қалаған тауарларын күтумен болды. Айталық, құны 300 мың теңге тұратын "Айфон" ұялы телефонын, қаскөй 150 мың теңгеге сатып алуды ұсынды. Оның тағы бір сенімді жері - карантинге байланысты дүкен тауарларды осылай сататындығын және барлығы заңды түрде жасалынып жатқандығын айтқан, - делінген ақпаратта. 
"Пайдалы" сатып алуды күту мерзімі 2 апта болуы керек болатын. Алайда, екі аптадан кейін де, сатып алушы тауарларын көрмеген. Ер адам уәдесін орындаудың орнына ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. 

Қазіргі уақытта күдікті - С.есімді азаматтың артында осындай 11 оқиға бар. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы - алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелген.
Өзгелердің жаңалығы