Все новости за 17 тамыз 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Түркістанда шығыстық үлгідегі автобекет ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысына кезекті іссапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған жұмыс тобы Түркістандағы халықаралық автобекеттің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
-
Мамин Арыс қаласында қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде Арыс қаласындағы тұрғын үй секторының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының қалпына келтірілу, сондай-ақ Түркістан қаласындағы әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік ғимараттардың салыну барысын тексерді.
-
Тянь-Шань тауларында алматылық альпинист қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының тұрғыны Александр Чечулин Тянь-Шань тауларына Победа шыңына көтерілген кезде қайтыс болды.
-
Қазақстандықтар «танк биатлоны» финалында «алтын» үшін күреседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәскеу облысы «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» байқауының финалы өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
«Сұңқар» лагерінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Серік Қалқаманов Төлеби ауданындағы Сұңқар демалыс орнында болған оқиғаға қатысты мән-жайды баяндады.
-
Түркістан облысында емханада емделетіндер саны көбейген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мониторинг бөлімінің басшысы Галима Туреханованың мәліметінше, 459 науқас медициналық көрсетілімсіз ауруханаға жатқан болса, 527 науқастың мәліметі ақпараттық жүйеге дұрыс енгізілмеген.
-
Асқар Жұмағалиев ауылдарды интернетпен қамту жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шалғай ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жоба "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.
-
Президент ЖОО ректорларын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы республикалық деңгейдегі бірқатар ұйымның басшыларын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
БҒМ "Сұңқар" лагеріндегі балалардың зорлық-зомбылығына қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан балаға қарсы қолданған кез келген күштік іс-әрекет қатаң жазалану қажет екенін айтты.
-
Димаш «Новая волна 2019» байқауына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш атақты халықаралық байқаудың ұйымдастырушысы Игорь Крутойдың шақыру туралы жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялады.
-
Табыстарын жасырып, атаулы көмек алып келген 21 мыңнан астам отбасы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің заңдылығын қадағалайды.
-
Өзгеріске ұмтылыс. Елімізде алғаш рет Гарвард конференциясы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде алғаш рет Гарвард конференциясы өтіп жатыр. "Өзгеріске ұмтылыс" тақырыбындағы HPAIR Asia Conference 2019 халықаралық шарасында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады.
-
Ташкентте жеңіл атлетикадан халықаралық турнир басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогі басталды деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Алматылық бойжеткен ұшып бара жатқан ұшақтың қанатынан жүріп өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық Бекзат Мұқанова wing walking жасаған алғашқы қазақстандық. Ол әуеде ұшып бара жатқанда ұшақтың кабинасынан шығып, лайнердің қанатынан жүріп өтті.
-
Бокстан Әлем чемпионатына қатысушылар саны рекордты деңгейге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Екатеринбургте өтетін ерлер арасындағы әлем чемпионатында қатысушылар саны рекордты деңгейге жетті, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
-
Қазақстандық магнит-адам туралы не білесіз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық Нартай Тұрсанов магнит-адам ретінде әйгілі. Ол өзінің денесінде 200 келі темірді ұстап тұра алады.
-
Қарағандыда операцияға асығып бара жатқан дәрігерді көлік қақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігер-ренаиматологті шұғыл операцияға шақыртқан көрінеді. Алайда, аурухананың алдындағы көшеден өтіп бара жатқан дәрігерді көлік қағып кеткен.
-
АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұшақ пилоты мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Оның не себепті құлағаны әлі анықталмады.
-
Қала көшелерінде шұғыл көмек шақыру батырмалары орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Киев қаласында шұғыл көмек шақырту батырмалары орнатылып, қала тұрғындары Наталка саябағындағы батырмаларды іс жүзінде сынақтан өткізіп көрді.
-
Нұр-Сұлтанда апта сайын жәрмеңкелер өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әр демалыс сайын Сауран 7, «Nova City» ТК және Жағалау шағын ауданы (Сығанақ-Ш.Айтматов) мекен жайлары бойынша ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізіледі, хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 тамыз күні метеорологиялық жағдай Қазақстанның 1 қаласында ауаның ластануына ықпал етеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 17 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Ақмола облысында екі өрт сөндіру бекеті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында бір аптаның ішінде екі өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл туралы аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұр-Сұлтандағы автопарк басшылары қоғамдық көлік проблемарын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов қалалық автопарктердің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Елордада өткен білім саласындағы бос орындар жәрмеңкесінде 300-ден астам адам жұмыс тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада өткен білім беру саласындағы жалпы қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 120 жұмыс беруші 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Құлсарыда 100 пәтерлік 12 тұрғын үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында белгілі болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
ISU мәнерлеп сырғанаудан алдағы маусымның кестесін жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы мәнерлеп сырғанаудан 2019/2020 жылғы маусымға арналған жарыс кестесін жариялады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
-
Кентау шаруалары жемістерін жинай бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласы Қарашық ауылында 2007 жылдан бері шаруашылықпен айналысып жатқан «Бағы-Жахан» шаруа қожалығы бүгінде қарқынды бау-бақшаны дамытуда. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Елордада 6 мыңнан астам бала мектепке қажетті құралдармен тегін қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсету үшін сертификат беріледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.
-
Қарағандыда жұмыс істемейтін субұрқақтар іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда жұмыс істемей тұрған үш субұрқақ іске қосылады. Бұл туралы Қарағанды қаласының Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасынан хабарлады.
Наверх