Қазақстандықтар «танк биатлоны» финалында «алтын» үшін күреседі

17 Тамыз 2019, 16:41
1816
Бөлісу:
Қазақстандықтар «танк биатлоны» финалында «алтын» үшін күреседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәскеу облысы «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» байқауының финалы өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Көк танкілерге мінген Қазақстан командасы финалдың кезеңнің бірінші дивизионында Ресей, Белорусия және Әзербайжанның танк экипаждарымен бірге сынға түседі.

«Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 19.30-да «Звезда» телеарнасынан отандық танкистердің додадағы шешуші жарысын көре аласыздар», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан өз тобында Қытай, Әзербайжан, Сербия елдерін басып озған болатын. Биылғы жарысқа 25 мемлекет қатысты. Оның ішінде, Армения, Иран, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Қытай және тағы басқа елдер бар.

Өзгелердің жаңалығы