Все новости за 7 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
БҚО-дағы жәрмеңкелер азық-түлік бағасына оң әсер етіп отыр
Батыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта жиі ұйымдастырылатын жәрмеңкелер азық-түлік бағасының шарықтамауына ықпал етіп отыр. Мәселен, былтыр аймақта жалпы саны 647 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, 1 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері төмен бағамен сатылыпты.
-
Қазақстан мен Швецияның дипломатиялық қатынастарының орнатылуына 27 жыл толды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Стокгольмдегі елшілігі 2013 жылы ашылды. Еліміздің Швециядағы бірінші елшісі – Дастан Елеукенов болды. 2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстанның Швециядағы елшісі – Қайрат Әбдірахманов. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордалықтар жүгіріп қоқыс жинады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экологиялық науқанға 400-ден астам қала тұрғыны қатысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің жиналысында Түркияның мәртебесін көтеру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Республикасының Ұлттық ұлы жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп Ресей федерациясы мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуінде Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің жиналысында Түркияның мәртебесін көтеруді ұсынды, деп хабарлады РИА Новости.
-
ҚР Қорғаныс министрі локальді соғыс ардагерлеріне алғыс білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаев локальді соғысқа қатысушылардың ерен еңбегі жайлы айтып берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Темір вагонды паналап келген көпбалалы отбасыға маңғыстаулық кәсіпкерлер пәтер сыйлады
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысының қайырымды меценаттары ұзақ жылдар бойы Ақтаудың шеткі мөлтек аудандарының біріндегі иесіз жатқан темір вагонда тұрып жатқан көпбалалы отбасыға қол ұшын созды.
-
Шымкентте «Адалдық алаңы» жобасы аясында цифрландыру енгізіліп жатыр
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі биылдың бірінші тоқсанын қорытындылады. «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев журналистерге арналған баспасөз брифингінде қандай жобалар атқарылғанын айтып берді.
-
Маңғыстауда WorldSkills Kazakhstan чемпионатының өңірлік кезеңі өтіп жатыр
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық жоба мақсаты - жұмысшы мамандығын дәріптеу және оның қоғамдағы беделін арттыру, өндіріс орындарындағы жастардың, мектеп оқушылары мен студенттердің, ата-аналардың, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру.
-
Қазақстанда денсаулық сақтауға 1 триллионнан астам қаржы бөлінген − Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Тwitter-дегі парақшасында еліміздегі денсаулық сақтау саласының дамуына қатысты пікірімен бөлісті.
-
Маңғыстаулық кәсіпкерлер Стратегиялық зерттеулер орталығының сауалнамасына қатыспаған
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Стратегиялық зерттеулер орталығының республика бойынша 4 мың кәсіпкер қатысқан әлеуметтік сауалнама мәліметтерін жариялады. Ол сауалнамада 20 мемлекеттік орган қызметі бағаланған.
-
Қазақстандық теннисші ATP Challenger турнирінің финалына өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің финалына жолдама алды.
-
Польша университеттері тегін білім гранттарын ұсынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметаралық келісімшарт аясында Польша үкіметі қазақстандықтарға 100% тегін білім алу мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл туралы Халықаралық бағдаралмалар орталығы мәлімдеді.
-
Бішкекте тонау фактісіне күдікті үш қазақстандық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкекте тонауға қатысы бар деген күдікпен үш Қазақстан азаматын ұсталды. Бұл туралы Қырғызстандағы ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Даниядағы атыс: Бірнеше адам жараланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Данияда белгісіз біреулер Копенгагеннен 30 шақырым жердегі Херсхольм қаласында оқ жаудырып, бірнеше адам жараланды.
-
Жас гимнасшылар халықаралық жарыста жеңімпаз атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жас қазақстандық спортшылар топтық эстетикалық гимнастикадан өткен Aesthetic Group Gymnastics World Cup II & Challenge Cup II 2019 Singapore халықаралық жарысында сәтті өнер көрсетті.
-
Қызылордалықтар Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсияларымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жосалы кентіндегі Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы басталды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
109 қызметі WhatsАpp арқылы 4 мыңға жуық өтінімді қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 наурызда iKOMEK109 бірыңғай байланыс-орталығы +7 747 109 0 109 WhatsАpp нөмірі арқылы өтінімдерді қабылдаудың жаңа әдісін іске қосты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
«Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі Қызылжарға жетті
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжар топырағында ҚР Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ту еткен «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтті. Халқымыздың төл өнерінің мерекесі «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойына арналды.
-
Нұр-Сұлтанда заманауи өнер фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қазақстан астанасы Astana Art Show-2019 фестивалін өткізу кезінде заманауи өнердің орталығына қайта айналады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
7 сәуірге арналған ауа райы болжамы: еліміздің батысы мен шығысында жауын-шашын жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс және шығысында жауын-шашын жауады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, батыста найзағай күтіледі.
Наверх