Польша университеттері тегін білім гранттарын ұсынады

7 Сәуір 2019, 12:58
3044
Бөлісу:
Польша университеттері тегін білім гранттарын ұсынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметаралық келісімшарт аясында Польша үкіметі қазақстандықтарға 100% тегін білім алу мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл туралы Халықаралық бағдаралмалар орталығы мәлімдеді.

Келісім бойынша бакалавриат – 3 орын, магистратура 4 орын және докторантура 4 орын бағдарламаларды ұсынып отыр. 

Стипендия тегін оқу, жатақханада ақылы негізіде тұру мүмкіндігі (80–150 евро шамамен),  докорантура бағдарламаларындағы студенттерге айлық шәкіртақыны (300 евро шамамен) қамтиды.

Польшадағы университеттерде бакалавриат пен магистратураға түсетін Қазақстан Республикасы азаматтары шығындарын өз есебінен төлейді.

Факультеттер мен оқу орындарының тізімі мына жерден көруге болады. 

Толық ақпаратты, қажет құжаттарды "Болашақ" халықаралық стипендиясының сайтынан алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы