Қазақстандық теннисші ATP Challenger турнирінің финалына өтті

7 Сәуір 2019, 13:15
2529
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші ATP Challenger турнирінің финалына өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің финалына жолдама алды. 

Қазақстанның Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жартылай финалда теннисші Александр Бублик америкалық Теннис Сандгренмен кездесіп, 2:6, 6:2, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Финалда қазақстандық спортшы Эквадор өкілі Эмилио Гомеспен күш сынасады. Ақтық сын 8 сәуірге жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы