Все новости за 15 қазан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа кеңесінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына (СЖКМТ) қосылу келісіміне қол қою рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен хабарлады.
-
Семейлік оқушы "Теңге алудың" виртуалды үлгісін әзірлеп шығармақшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменнің ақпараттық технология (IT) жұлдыздары "Цифрлық Шығыс-2019" форумы аясында өздерінің старт-ап жобаларын таныстырды, деп хабарлайды altaynews.kz.
-
Түркістан облысында еңбек заңнамасы қатаң қадағаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында 817 азаматтың арыз-шағымдары мен мекемелердің хаттары қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді.
-
Назарбаева Сингапурды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Сингапурдың аға министрі – ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады.
-
QS рейтингтік агенттігі мен ЕҰУ ынтымақтастық орнатпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Литва Республикасының Каунас қаласында академиялық қауымдастық көшбасшыларының халықаралық "QS in conversation. Халықаралық ынтымақтастық арқылы танымалдылықты арттыру: ұтқырлық, тану, брендинг" атты халықаралық саммиті өтуде.
-
Елбасы Өзбекстан Республикасының президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.
-
Қызылордада "Жолда қабылдау" акциясы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы полиция департаменті қазан айының 18-19 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.
-
«Қорғас» кеден бекетінде қомақты ақша алып өтпек болған адам ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Кінәлі азамат ұсталып, ол 551-баптың 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.
-
Ұлытау ауданның 80 жылдығы аталып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлытау ауданында ақын Тайжан Қалмағамбетовтың 140 жылдығына және Ұлытау ауданының 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
-
Назарбаев "Түркі келешегі – 2040" бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің 7-ші отырысына қатысты.
-
Тоқаев: Экономиканы дамытуға жаңа ойлар, жаңа әрекеттер қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өтті.
-
Жеңіс Қасымбек: 2020 жыл – тұрғын үй құрылысы жылы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында қолжетімді баспана құрылысын екі есеге арттыру жоспарланып отыр.
-
Маңғыстауда 158 шақырым жол қайта жаңартылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында республикалық маңызы Р-1 «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автожолының 85 шақырымы мен А-34 «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан Республикасының шекарасы» автожолының 73 шақырымына қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
-
ШҚО-да оқушылар үздік StartUp жобаларды қорғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Цифрлы Шығыс – 2019" форумының аясында өңір мектептерінде білім алып жатқан оқушылар StartUp жобаларды қорғады.
-
Бір өтінішпен алуға болатын мемлекеттік қызметтер саны көбейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы композитті түрде көрсетілетін қызмет түрлерін арттырмақ.
-
Қазақстандағы цифрландырудан 3 мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Алматы, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрландыру өндірісіне байланысты 2025 жылға қарай Қазақстанда 3,2 мың жұмыс орны босайтынын айтты, деп жазды LS басылмы.
-
Тоқаев Конституциялық кеңестің төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады.
-
Ақтөбенің тұрақтандыру қорына көкөніс жеткізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Пригородный» көкөніс сақтау қоймасына тұрақтандыру қорының өнімі жеткізіле бастады.
-
"Қазақфильмнің" үш бірдей фильмі Тәжікстанда көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Душанбе қаласында қазанның 16 мен 20 аралығында тәжік киносының күніне орай деректі фильмдерге арналған "Дидор" халықаралық кинофестивалі өтеді.
-
Биыл тұрғын үй бағасы 3,6% қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистика комитеті мамандарының дерегінше соңғы 12 айда тұрғын үй бағасы өскен өңірлер көшін Қостанай (+39,5 мың тг) , Семей (+32,4 мың тг) және Павлодар (+31,4 мың тг) бастап тұр.
-
Елбасы Түркия Республикасының президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті Түркия Республикасының президенті Режеп Ердоғанмен кездесті.
-
Димаштың Нью-Йорктегі концертіне кімдер қатысатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген 10 желтоқсан күні Нью-Йоркте Arnau tour ENVOY деп аталатын жеке концертін береді.
-
Алматыда жаяу жүргінші көлік қағып өлтірді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда тапа-тал түсте жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді.
-
Қыз зорлауға қатысты іс: Бізде бала өмірі үшін күрес пе, әлде статистика үшін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда полиция жеті жасар қызды зорлау фактісіне қатысты істі тергеуде.
-
Қатерлі ісік ерте анықталса, толық айығуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайын әлемде 9 млн адам қатерлі ісіктен көз жұмады.
-
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АШМ "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді
-
Митингтерге рұқсат берілу керек, бірақ қоғамдық тәртіп бұзылмауы тиіс – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында митингтер туралы заңнаманы жетілдіру айтылған.
-
Орманда адасып кеткен әйелдер табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола құтқарушылары мен полицейлері орманда жоғалған әйелдерді тауып алды.
-
Талдықорғанда текстиль өндіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда техникалық сора өңдеп, текстиль шығаратын экспортқа бағытталған кәсіпорын ашылады.
-
Нұр-Сұлтандағы автобус ұрыларын әп-сәтте анықтауға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жолақысын төлеудің жаңа тәсілі автобус ұрыларының жүзін әп-сәтте анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін елордада өткен конференцияда "IPay" компаниясының құрылтайшысы Алмас Айменов мәлімдеді.
-
Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары орденімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары орденімен марапатталды.
-
Қызылорда облысының тұрғындары қандай ауруларға жиі шағымданады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының 12 шалғай станциясының тұрғындары «Жәрдем» медпойызың мамандарынан медициналық кеңес пен алғашқы медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болды.
-
Қағазбастылықтан құтқаратын денсаулық сақтау паспорты іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл шілде айында елімізде денсаулық сақтау паспорты енгізілген болатын. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобаны ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев таныстырды.
-
Тоқаев жойқын тайфуннан зардап шеккен Жапония халқына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Дәрігерлер өкпесіне ауа мен су жиналған бүлдіршінді аман алып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда пневмонияға шалдыққан 5 жасар қыз 10 күн жансақтау бөлімінде жатты, деп хабарлады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Шекарадан заңсыз өткен азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тексеру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Шекара қызметінде 2019 жылғы 10 қазанда Қытай азаматтары Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсақанға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі 392-бабымен қарастырылған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өту» бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды.
-
Балалар арбасын ұрлауды кәсіп еткен әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерлері бұрын сотталған 20 жастағы елорда тұрғынын қолға түсірді.
-
Мемлекеттік бағдарлама арқылы жастарға жалға берілетін үйдің жай-күйі қандай (фото)
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада жұмыс істейтін жастар үшін көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Алдағы уақытта жалға берілетін үйлердің жай-күйі қандай және бұл ретте президенттің Жолдауда жүктеген қандай тапсырмалары басшылыққа алынды?
-
Президенттік жастар кадр резервінің келесі іріктеу кезеңіне 904 қатысушы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті.
-
Ақтауда жасөспірім 9-қабаттан құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 15 қазан күні шамамен сағат таңғы бесте болған. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлады.
-
8 айда 174 мың қылмыс жасалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 174 мың 101 қылмыс тіркелген, бұл 2018 жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 13,9%-ға аз.
-
Жыл соңына дейін 600-ден аса жұмысшы қысқаруы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2019 жылдың басынан бері 2,7 мыңға жуық жұмысшы қысқартылды. Жыл соңына дейін жұмысынан айрылғандар қатарына тағы 600-ден аса адам қосылуы мүмкін, деп жазады 7kun.kz.
-
Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауыл ауданында геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
-
Жолақысын төлеуден жалтарғандарға 42 миллионға жуық айыппұл салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтарғандарды ұстап алудың 8284 фактісі тіркелген.
-
Криштиану Роналду карьерасындағы 700-голын соқты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Украина қақпасына бір гол соқты. Бұл оның карьерасындағы 700-голы екен.
-
Қазақстандықтар жаңа көліктерді жиі сатып ала бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ресми дилерлер 49 243 автомобиль сатты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,3%-ға жоғары.
-
БҰҰ Сириядағы жағдай үшін алаңдаулы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ-ның Бас хатшысы Сирияның солтүстік-шығысындағы шиеленісті шұғыл бәсеңдетуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Алматыда тағы құбыр жарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жолы құбыр Райымбек даңғылындағы "Максим" сауда үйінің маңында жарылды.
-
Мамандар үнемі жас болып көрінудің құпиясы неде екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италиялық сарапшылар адамның жас болып көрінуі адамның тамақтануына да байланысты екенін айтады. Бұл туралы РИА Новости сайты хабарлады.
-
Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 14 жастағы қыздың денесін күйік шалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентауға жақын орналасқан Жүйнек ауылында газ баллоны жарылды.
-
Еліміздегі іскер әйелдер туралы онлайн кітапхана жасалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институты Қазақстанның іскер әйелдері туралы онлайн кітапхана жасақтауда. Ол Википедия желісінде орналастырылмақ.
-
Елордада "Экран әуендері" ұсынылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 және 17 қараша күндері Камералық зал сахнасында "Астана Операның" ең танымал жобаларының бірі – "Экран әуендері" ұсынылатын болады.
-
Қазақстан-Беларусь ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерлерді талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Беларусь қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары кеңейтілген жоспарлы консультациялар өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Мемлекет тек шын мәнінде мұқтаждарға көмектесетін болады – Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің жағдайы талқыланды.
-
Әлемдегі ең қымбат монетаның құны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі ең қымбат әрі сирек кездесетін монеталардың бірі — алтын динар аукционға шығарылды. Бағалы монетада біздің дәуірге дейін 732 жылғы дата белгіленген.
-
Назарбаев Ильхам Әлиевпен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Бұл туралы elbasy.kz сайты жазды.
-
Тұрғымбаев Бакуде көші-қон шарттарын жеңілдететін құжаттарға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Әзербайжанға жұмыс сапары барысында екі үкіметаралық халықаралық келісімшартқа қол қойды.
-
Елбасы Қырғыз Республикасының президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Бұл туралы elbasy.kz сайты жазды.
-
Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қалыпты болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қазанда еліміздің барлық қалаларында ауа сапасы қалыпты болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
-
15 қазанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі,деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
-
Қазақстан аумағынан мал шығаруға тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ауыл шаруашылығы министрі мен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі ауыл шаруашылығы жануарларын сыртқа шығаруға қатысты бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
-
Елордада кітап алмасу күні өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы №5 балаларға арналған кітапханада кітап алмасу күні өтеді.
-
Павлодарда есірткі сатқан әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел – іздестіру іс-шаралары нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығының тұрғыны, 48 жастағы әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Қарағанды облысында егін ору науқаны аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста белгілі болды.
-
Түркістанда тәртіп бұзған автобус жүргізушілері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында ұйымдастырылған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1500-ге тарта жол қауіпсіздік ережесін бұзу жайттары тіркелді, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
-
Атырауда аламан бәйгеде қызылордалық сәйгүлік жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда V республикалық «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» бәйгесінде ағылшын-араб тұқымдас «Қоянқасқа» мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Елімізде заңгерлер ең аз сұранысқа ие мамандықтар көшін бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша электрондық еңбек биржасында түйіндемелер мен бос жұмыс орындары санының арақатынасына сәйкес Қазақстандағы білікті қызметкерлердің артық кәсіптер тізімінің көшін заңгерлер бастап тұр.
-
Сенаторларға стартап-жобалар таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дариға Назарбаева бастаған Парламент Сенатының депутаттары Назарбаев университетінде болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жапонияда алапат дауылдан 47 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда «Хагибис» тайфуны салдарынан 47 адам ажал құшты, деп хабарлады 24.kz.
-
Жезқазғанда халықаралық театрлар фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15-19 қазан күндері Жезқазған қаласындағы С. Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында халықаралық театрлар фестивалі өтеді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Табысы төмен адамдарға несие берілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың басынан бастап жеке тұлғалардың тұтынушылық несиелері 17,4%-ға, яғни 3,9 трлн теңгеге дейін өсті, деп хабарлады Елорда Инфо.
-
Атаулы әлеуметтік көмек қандай жағдайда тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер отбасындағы асыраушы адам жұмыспен қамту орталығы ұсынып отырған жұмыстан бас тарта, барлық отбасы мүшелеріне берілетін атаулы әлеуметтік көмекті беру тоқтатылады.
Наверх