Все новости за 22 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматыда медицина ғалымдары бас қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыдағы «Rahat Palace» қонақ үйінде ғылым мен бизнесті инновациялық үдерісте біріктіруге бағытталған «SCIENCE AND BUSINESS» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
-
Атырауда жастарға қолдау жасалуда
Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Атырау облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті
-
Шымкенттің жылдық экономикалық өсімін 10%-ға жеткіземіз – Ғ. Әбдірахымов
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласы экономикасының дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштің бірі – өткен жылы жалпы аймақтық өнім көлемі 2 трлн теңгеге жетті. Жалпы өсіп 11,9 пайызды көрсетті. Енді жылдық өсімді жыл сайын 10 пайызға ұлғайту көзделіп отыр.
-
Жамбылдық полицейлер жаяу патрульдеу тәртібіне көшуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті жаяу патрульдеу режиміне көшті. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Еуропалық сахатшылар Алтайды велосипедпен аралап жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Голландияның Аякс қаласынан келген ерлі-зайыпты Барт пен Марике Алтай аймағын велосипедпен аралап жүр, деп жазады altaynews.kz.
-
Еуразия медиа форумында заманауи журналистиканың өзекті мәселелері талқыға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Алматыдағы The Ritz-Carlton алаңында XVI Еуразия медиа форумының бірінші күні өз жалғасын табуда. Бұл - 2002 жылдан бері алпысқа жуық мемлекеттен 500-ден астам делегаттардың басын қосқан халықаралық пікір алмасу алаңы.
-
Павлодарда дарынды балаларға қаржылай сыйлық табыс етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жылдағы дәстүр бойынша дарынды балалармен кездесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
-
Тұрмысы төмен отбасыларға үш күнде өз ісін ашуға көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған «Бизнес үш күнде» атты бірегей жоба іске асырылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Еуразиялық медиа форум: Шетелдік сарапшылардың үздік дәрістері тыңдалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбына арналған XVI Еуразиялық медиа форумы шеңберінде журналистерге арналған авторлық шеберлік сабақтары өтті.
-
Көкшетауда заманауи томография кабинеті ашылды
Көкшетау. BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы қалалық көпсалалы ауруханада заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды.
-
Шымкент – жүзден астам этносты бауырына басқан қала – Әбдірахымов
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы сессиясы өтті. Шымкент – республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғанынан кейін тұңғыш өткізілген сессия «Қоғамдық келісім формуласы: бірлікпен жаңғыруға» тақырыбына арналды.
-
Италияда туристер мінген автобус аударылды: Ішінде ҚР азаматтары бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер бар автобус аударылды. Көлік апатының салдарынан бір адам қайтыс болды, шамамен он адам түрлі жарақаттар алды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
-
Елбасы: «Самұрық-Қазына» ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Өзбек әліпбиінің жаңарған нұсқасы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік университеті жанындағы жұмыс тобы өзбек әліпбиінің жаңарған нұсқасын таныстырды. Дәл осы топ латын әліпбиіне негізделген өзбек алфавитін жетілдірумен айналысады
-
Ресей азаматтары мінген туристік автобус Италияда апатқа ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Сиена провинциясында 60 жолаушысы бар автобус аударылды. Көлікте саяхаттап барған ресейлік азаматтар болған. Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
-
Президент: Ақтөбе облысындағы тас жолдар 2025 жылға дейін қалыпқа келуі тиіс
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысына іссапармен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың активімен кездесті.
-
Сенатор «Қазақстан-Армения» достық тобының жетекшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Жеңіс Нұрғалиев Армения Республикасы Ұлттық Жиналысындағы
-
Қазақстан Президенті Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды Ақтөбе қаласының алдағы 150 жылдық мерейтойымен құттықтап, бүгінде өңірдің өндірістік, логистикалық және транзиттік әлеуеті зор екенін айтты, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.
-
Бельгия Қазақстанмен ойынға қатысатын құрама тізімін жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес EURO-2020 аясында өтетін Қазақстанмен ойынға қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.
-
Еріктілер тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Абай қаласында еріктілер тыл еңбеккерлерін қамқорлығына алды. "Абай Team" мүшелері қарт адамдарға көмек көрсетуде.
-
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Бішкекте бас қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР СІМ Бейбіт Атамқұлов бастаған Қазақстан делегациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысты, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Түркістан кәсіпкерлері Петропавлда мешіт салмақ
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлдың Береке ықшам ауданында жаңа мешіттің алғашқы қазығы қағылды. Нысанның құрылысына жұмсалатын шығынды Түркістан облысының кәсіпкерлері көтермек.
-
Ел чемпионаты. Қарағанды "Саттыдан" жеңілді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Топтық кезеңнің соңғы ойыны Павлодар облысының "Сатты" командасы мен Қарағанды облысының құрама командалары арасында өтті.
-
Арнайы топ ауылдардағы жастар мәселесімен айналысады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы әр ауыл мен елді мекендегі барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға түрлі саладағы мәселелер бойынша тиісті уәкілетті органдармен бірлесе кеңес беру, кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу дәстүрге айналып келеді.
-
Президент танымал спортшыларға жетістіктері үшін ризашылық білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жекпе-жек" сарайына барды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Алматының автобус паркі толықтай жаңарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қалалық көлік реформасының аралық қорытындысы шығарылды. Үш жыл ішінде 1113 жаңа автобустар сатып алынды, еліміздегі алғашқы BRT желісі іске қосылып, каршэринг пен велопрокат қызметі енгізілді.
-
22 мамыр. Сайлау барысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген үгіт-насихат жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз.
-
Ел чемпионаты. «Әулие ата» С тобында көш бастады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. С тобында шешуші ойын Қостанай облысының құрамасы мен Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы арасында өтті.
-
Ясауи кесенесі аумағында 3 мың гүл егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде тұрақты жүргізіліп отыратын абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары жалғасуда. Музей аумағында 3 мыңнан аса түрлі-түсті гүлдер отырғызылды.
-
Данияр Елеусінов – Головкин бұл ісімен өзіне жақсылық жасап отырған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой бокс әлемінде қызу талқыға түсіп жатқан тақырыптың бірі – алдағы 8 маусымда өтетін Головкин-Роллс арасындағы бокс кешінің андеркардында шығуы тиіс Данияр Елеусіновтің тізімнен сызылып қалуы.
-
Түркістанда "Отырар таланттары" байқауы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында халық шығармашылығын дамыту, ел ішіндегі дарын иелерін анықтау, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында Отырар ауданында дәстүрлі «Отырар таланттары» өнер байқауы өтті.
-
Нұр-Сұлтанда жылдың үздік ұстазының есімі белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері арасында «Үздік педагог - 2019» республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.
-
Ел чемпионаты. СҚО құрамасы Алматы балуандарынан басым түсті
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. С тобының соңғы екі ойынының алғашқысы Алматы қаласының құрамасы мен СҚО құрамалары арасында өтті.
-
Елордада қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа сервис қалалық ортаны жақсарту, сондай-ақ бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау мақсатында құрылған. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
СҚО-да ет комбинаты іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстiк Қазақстан облысында ет комбинаты iске қосылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.
-
Түркістанда егістікке жаңа технология енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Арыс қаласында алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолдана отырып, мақта дақылын егудің жаңа технологияларымен тәжірибе алмасу бойынша семинар-кеңес өтті.
-
ШҚО-да бөлінген несиелік қаражат тамыздың соңына дейін толық игерілмек
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы институттары мен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы бөлінген несиелік қаржыны 2019 жылдың тамыз айының соңына дейін толықтай игеруді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.
-
Жетісай ауданында 9 мектеп салынып, 6 ауылға газ беріледі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Жетісай ауданында 9 мектеп пен 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджет есебінен 4 млрд 631 мың теңге бағытталып отыр. Қазіргі таңда 7 мектептің құрылысы басталып кетсе, 2 мектеп пен 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы алдағы шілде айында басталады деп күтілуде.
-
Жемқорлар ұрлаған ақша Қазақстанның мұнайдан тапқан бар табысынан 2 есе көп – Перуашев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев еліміздегі сыбайлас жемқорлық мәселесін көтеріп, Премьер-министр Асқар Мамин мен Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке сауал жолдады.
-
Ақмола тұрғындарының 97% электрондық денсаулық паспорты бар
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында өңір тұрғындарының 97,51 % электрондық денсаулық паспорты жасақталды. Стационарлар мен амбулаторлық емханалар электронды қызмет жүйесіне көшуде. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Болат Әбішев мәлімдеді.
-
Фрилансерлерді идеясы асырайды – шетелдік сарапшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Фрилансер болу үшін идеяларыңыз мықты болу керек. Ол сізге жұмыс пен табыс әкеледі. Бұл туралы ұлыбритаиялық фрилансер журналист Дженни Климан Алматыда өтіп жатқан XVI Еуразия медиа форумында айтты.
-
Ел чемпионаты. «Нарын» В тобынан үздік шықты
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. В тобының соңғы ойынында Атырау облысының «Нарын» командасы мен Қызылорда облысының құрамалары кездесті.
-
Мемлекет басшысы Ақтөбедегі индустриялды аймақтың жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе қаласының Индустриялды аймағының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Солтүстікте үсік жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Қазақстан Президенті Ақтөбе облысындағы жылыжай кешеніне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жылына 3 мың тонна көкөніс өсіретін «Green Capital Kazakhstan» ЖШС-нің жылыжай кешенін аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Павлодар облысының футбол басшылығы ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ойрат Садуов Павлодар облысы футбол федерациясының жаңа басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
"Қарапайым заттар экономикасын" дамытуға 600 млрд теңге бөлінген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту бойынша қолжетімді несие беруді шешу үшін 600 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов айтты.
-
Ел чемпионаты. «Адай ата» бүгін жақсы ойын көрсетті
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Көкпар додасында В тобы бойынша ойын көрсеткен келесі командалар БҚО құрамасы мен Маңғыстау облысының «Адай ата» командасы.
-
Нұр-Сұлтанда 10 маусымнан бастап балабақшаға жолдама беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин балабақшаларға жолдама берудің басталуына орай өткізілген баспасөз конференциясында хабарлады.
-
Жыл сайын 20 мың кәсіпкер оқытылады – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 20 мың кәсіпкер оқытылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов айтты.
-
Қостанай облысында 2,5 мың жылқының қозғалысы GPS жүйесімен бақыланады
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Астықты өңірде 2,5 мың басқа жуық жылқы GPS жүйесі арқылы бағылады.
-
Қазақстанда талантты режиссерлер көп – Сергей Бодров
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі кино түсіру жағдайы өзгеше. Үлкен экрандағы кино түсіру көп қаражатты талап етеді. Бұл туралы танымал кинорежиссер Сергей Бодров Алматыда өтіп жатқан XVI Еуразия медиа форумы кезінде айтты.
-
Қаржы нарығын реттеу агенттігі құрылады – Досаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев қаржы ұйымын қайта құру және оны Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшіру бойынша жоспарымен бөлісті.
-
«Алматы-Ұзынағаш» бағытындағы пойыз күніне 2 рет қатынайтын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жолаушы легінің артуына байланысты Алматы қаласының басшылығы қосымша субсидиялау есебінен осы бағыттағы вагондар саны мен қатынау жиілігін көбейту жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Мемлекет басшысының Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.
-
Ел чемпионаты. А тобынан «Құлагер» үздік шықты
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Әулие ата жерінде байрағын көтерген Ұлттық ат спорты түрлерінен Қазақстан чемпионатында көкпар бәсекесі бойынша А тобынан Түркістан облысының «Құлагер» командасы үздік шықты.
-
Әлемнің үздік боксшыларының тізімі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі америкалық The Ring журналы салмағына қарамастан (P4P) әлемнің үздігі саналатын боксшылардың тізімін жариялады. The Ring P4P рейтингісінің бестігіне Головкин енбей қалды, деп хабарлады Vesti.kz.
-
«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолы 9 метрге дейін кеңейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында ұзындығы 319 шақырымдық «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожол учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
-
Павлодарда «Қоқыс картасы» пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда қалалар мен ауылдар маңайын қоқыстан тазарту үшін «Қоқыс картасы» пайда болмақ. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
-
Ел чемпионаты. Ақтөбелік «Әлім ата» ШҚО жігіттеріне жол берді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан – V чемпионатының үшінші күні.
-
Алматыда BMW мен жүк көлігі соғысып, 2 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбі, мамырдың 22-сіне қараған түні Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады Zakon.kz.
-
Алексей Шпилевский: Эсеола екеуміздің арамызда ешқандай кикілжің жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қайрат» кубокты қосқанда қатарынан бес ойында ұтылған еді. Маусымның басында «Биыл чемпион боламыз» деп үміт күткен жанкүйерлер қазір ашулы.
-
ШҚО-да негізгі кооперациялардың дамуына ерекше назар аударылуда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 85%-ға дейін, ал бүгінде ісін дөңгелентіп отырған кәсіпкерлер мен негізгі кооперация қатысушыларына 50%-ға дейін кепілдік беру қарастырылған.
-
Алматы облысында «Үздік мәдениет мекемесіне» автокөлік сыйға тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында орналасқан Б. Римова атындағы драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті.
-
XVI Еуразия медиа форумы басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осымен он алтыншы рет өтіп отырған форум биыл «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбымен делегаттардың басын қосты.
-
Әлеуметтік қолдаудың жаңа механизмі бойынша 4 мыңға жуық отбасына көмек көрсетілді
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде әлеуметтік қолдаудың жаңа механизмі бойынша 3879 аз қамтамасыз етілген отбасыға көмек көрсетілді. Нақтырақ айтқанда, 17 182 адам 446,3 млн теңгенің атаулы әлеуметтік көмегіне ие болды.
-
ШҚО-да көпбалалы отбасылар шағын несие алуға ниет білдіруде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері көпбалалы отбасылардың 27 мүшесі кәсіп бастау мақсатында шағын несие алуға ниет білдірген. Бұл жөнінде облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев хабарлады.
-
Атырау дәріханаларында дау шықты
Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Атырау жұрты кешеден бері дәріханалардан қажет дәрісін ала алмай сабылып жүр. Наразылық білдіргендердің айтуына қарағанда, фармацевттер кез келген дәріге рецепт сұрайды.
-
22 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ."Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.
Наверх