Все новости за 13 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ШҚО археологтарының тарихи жазбалары бірнеше тілге аударылмақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шілікті қорғандарынан табылған Алтын адам – нағыз патша. Бұл жайында белгілі археолог ғалым Әбдеш Төлеубаев Өскеменде өткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығын қорытындылаған конференциясы барысында айтты.
-
Facebook бір жылда Цукербергтің қауіпсіздігіне 20 млн доллар бөлген
Алматы, BAQ.KZ. 2018 жылы Facebook компанияның бас директоры Марк Цукербергтің қауіпсіздігі үшін 20 млн доллар бөлді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Бұл туралы CNBC телеарнасы хабарлады.
-
Елордада Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарына байланысты Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы.
-
Алматыда төтенше жағдайларды хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды, деп мәлім етті Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
-
Тоқаев Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан Елшісі Франция президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 сәуірде Париж қаласында Қазақстанның Испаниядағы және Андоррадағы қоса атқарушы Елшісі Константин Жигалов Андорра Князьдігінің тең Князі – Франция Президенті Эмманюэль Макронға сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлім етті.
-
Бір күннің ішінде Алматыда 7 мыңдай ағаш отырғызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Jasyl Meken» жалпықалалық акциясының шеңберінде бір күннің ішінде Алматы қаласында жеті мыңдай ағаш отырғызылды, деп хабарлады Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы.
-
Шекарадан қойнына телефон толтырып өтпек болған азаматша ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 cәуір күні кешкілік «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығына қарасты бақылау бөлімшесінің шекара наряды жүріс-тұрысы күдікті болып көрінген ҚР азаматшасынан ұялы телефондарды тәркілеген. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мәдениет министрі Қалихан Жәнібекованың туыстарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың жұбайы Қалихан Жәнібекованың дүниеден өтуіне байланысты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы марқұмның туыс-туғандарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
-
Қарағандының жас тәртіп сақшылары ант қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды қаласының Олимпийский көшесінде облыстық Полиция департаментіне қарасты басқармалар мен бөліністердің 800-ге жуық қызметкері салтанатты шеру жасап, 25 жас қызметкер ант қабылдаса, 10 полиция қызметкеріне алғашқы арнаулы атақтары берілді, деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.
-
Шығыс Қазақстан облысында ситуациялық орталық ашылады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласында ведомствоаралық ситуациялық орталық орналасатын ғимаратты толықтай жөндеуден өткізуге 1,1 миллиард теңге қарастырылмақ. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихатының кезекті ХХІХ сессиясы барысында 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасын депутаттар назарына ұсынған облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысының орынбасары Сәуле Ұлақова хабарлады.
-
Қалта ұрылары автобуста көбінесе ұялы телефонды ұрлайды
Алматы, BAQ.KZ. Қалта ұрыларымен күрес мақсатында қаладағы 59 бағыт бойынша жүретін 740 қоғамдық көлік пен 215 троллейбусқа бейне бақылау камералары орнатылған. Бұ туралы Алматы полиция департаменті хабарлады.
-
Екі апта үзбей ем қабылдаған науқастың дерті өзгелерге жұқпайды – бас дәрігер
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2014 жылдың деректері бойынша Қазақстан Еуропа өңіріндегі туберкулездің таралу деңгейі жоғары 18 елі арасынан 7-орынға шыққан. 2016 жылы Қазақстанда бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 99-ға жетіп отыр. Бұл туралы Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Болатхан Сағымбеков айтты.
-
Қажымқан Мәсімов: "Қазақтың қарапайым қарияларының біріміз"
Сталиннің кітабының мұқабасын жамылып аман қалған Құран...
-
Шығыс Қазақстанда әлеуметтік сала жіті назарға алынған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Шығыс Қазақстанда 57 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылып, бірнеше мың адам бірнеше мемлекеттік көмек түрлерін алған.
-
Ломаченко қарсыласын нокаутқа жіберді
Алматы, BAQ.KZ. Лос-Анджелестегі атақты "Стэйпл Орталықта" бокс кеші өтті. Бокс кешінің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы WBA және WBO тұжырымы бойынша чемпион Василий Ломаченко мен британдық Энтони Кролл арасында өтті. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.
-
ҰОК ел спортшыларымен бірігіп эксклюзивті күнтізбені жарыққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ел спортшыларының қатысуымен спорттық күнтізбені жарыққа шығарды. Халықаралық аренада ел намысын абыройымен қорғаған спортшылар жанкүйерге басқа образда танылып, өздерін бір сәт те болса модель сезініп көрді, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Курчатов қаласының әкімі қайтыс болды
Алматы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдағанов қайтыс болды. Бұл жайында қала әкімдігінің аппараты мәлімдеді.
-
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өзбекстанда Қазақстан көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы жылының салтанатты ашылу құрметіне орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО білім беру мекемелеріне 100 мың оқулық сатып алынған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Шығыс Қазақстанда облыстық бюджеттің қомақты бөлігі, яғни 26 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың кезекті ХХІХ сессиясы барысында ШҚО Қаржы басқармасының басшысы Қайрат Ерембесов хабарлады.
-
Дәстүрлі музыка фестивалі Қостанайда жалғасты
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай барлық өңірде өтіп жатқан «Ұлы Даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі Қостанайда жалғасты. Өнерпаздарды сахна төріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов бастап шықты.
-
Әскерге өз еркімен барамын дейтін азаматтар саны өсіп келеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өз еркімен әскерге барамын деген азаматтар саны жылдан жылға өсіп келеді. «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген Бауыржан батырдың ұлағатты сөзі әрбір жастың жүрегінен орын тауып жатыр десек болады. Бұл туралы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент баспасөз қызметінің басшысы Кристина Новикова сұхбаттасу кезінде айтты.
-
Алматыда 87 мың құдық темір торлармен жабылып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы мыңдаған кәріз бен су құдығының қақпағына қосымша темір тор салынады. Жұрттың жарақаттанбауын ойлаған бастаманы әзірге тек Алматы су мекемесі атқармақ, деп хабарлады Almaty.tv.
-
Ақтөбеде жасөспірімдер бір күнде 70 құқық бұзушылық жасаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілсіз болуының алдын алу мақсатында осы жылдың 11-17 сәуір аралығында Ақтөбе облысы аумағында «Жасөспірім» жедел–алдын алу іс шарасы жүргізілуде. Іс-шара нәтижесінде бір күннің өзінде 70 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шығыс Қазақстан облысында тарихи жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскеменде Ғылым қызметкерлерінің күні аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығы қорытындыланып, ел аумағынан табылған тарихи жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды.
-
100 жаңа есім: Қос операцияны қатар жасайтын дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2014-2015 жылдары Қазақстанда бірінші рет микрохирургиялық операциялар жасай бастадым. Ол кезде мұндай ота ТМД бойынша екі-үш жерде ғана жасалатын. Бұл туралы «100 жаңа есім» жобасына қатысушы әрі онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ғылым жөніндегі директорының орынбасары Дәурен Әділбай сұхбаттасу кезінде айтты.
-
Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық екі белдікті жеңіп алды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лос-Анджелесте (АҚШ) мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері атанды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
-
Елордада балалардың терезеден құлау оқиғалары азаймай тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті күннің жылынуына байланысты терезелерді ашу кезінде ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін сақтау туралы ескертеді. Өткен жылы бас қалада балалардың терезеден құлау фактісі бойынша 30-ға жуық оқиға орын алды, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
-
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
-
13 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, республиканың кей жерінде жаңбыр жауады. Кей жерінде тұман, желдің күшеюі сақталады.
Наверх