Сирияға көмек. Қазынадан 160 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді

10 Ақпан 2023, 17:13
957
Бөлісу:
Сирияға көмек. Қазынадан 160 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді
Фото: Joel Carillet/ Getty images

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жойқын зілзаладан зардап шеккен Сирия халқына да көмектесуге ниетті. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетеді. Көмек штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының желісі бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымы шеңберінде беріледі. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 160 млн теңгеден астам сома бөлінеді, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.

Сонымен қатар алғашқы гуманитарлық жүк бүгін Сирияға жіберілді.

Жалпы салмағы 50 тонна азық-түлік, жылы киім, шатырлар мен төсек-орындар жабдықтары түріндегі көмек ҚР арнайы әуе кемелерімен Сирия Араб Республикасының аумағына жеткізіледі. Бүгін бірінші ұшақ Алматы қаласынан Сирияға ұшып шықты. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының басшылығы Қазақстанның Ливандағы елшілігі мен Қазақстанның Сириядағы консулдығының көмегімен Алеппо қаласында Сирияның уәкілетті өкілдеріне гуманитарлық жүкті тапсырады. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы толыққанды халықаралық ұйым мәртебесімен өзіндік халықаралық  құқық субъектілері бар Ислам ынтымақтастық ұйымының мамандандырылған институты. Ұйым Қазақстанның бастамасымен 2011 жылы құрылған. Штаб-пәтері Астанада орналасқан, - деп нақтылады Айбек Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы