Сирияда жарылыстан 19 бейбіт тұрғын ажал құшты

3 Қараша 2019, 16:09
1426
Бөлісу:
Сирияда жарылыстан 19 бейбіт тұрғын ажал құшты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сирияда базарда көлікке қойылған жарылғыш зат іске қосылып, 19 бейбіт тұрғын ажал құшты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Марқұмдар арасында балалар бар. Тағы 29 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Оқыс оқиға Түркиямен арадағы шекараға жақын орналасқан Тель-Абьяд қаласында болған. 

Жарылысты нақты кімнің ұйымдастырғаны белгісіз. Алайда көрші Түркияның қорғаныс министрлігі өкілдерінің топшылауынша, бұл күрд содырларының ісі болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы