Сирияда содыр болып кеткен қазақстандық 6 жылға сотталды

25 Қыркүйек 2023, 11:10
3729
Бөлісу:
Сирияда содыр болып кеткен қазақстандық 6 жылға сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Ұлытау тұрғынына қатысты терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыру мен лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты оны осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды. 2023 жылғы 22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді, - делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы