Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Kolesa.kz порталында сирек кездесетін седан сатылып жатыр. Чехиялық седан 1974-1996 жылдары шығарылды.
3.5 литрлік карбюраторлы V8 қозғалтқышы көліктің артқы бөлігіне орнатылған. 168 ат күші мен 265 Нм айналу моменті 4 сатылы механикалық қорап арқылы артқы дөңгелектерге беріледі.
Суреттерге зер салсақ, 44 жастағы Tatra 613-тің өте жақсы сақталғаны байқалады. Бірақ оны коллекциялық көлік деп айту қиын.
Tatra 613 — кезінде шенділер мен ірі кәсіпорын басшылары мінген машина. КСРО кезеңінде ол мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен полиция гаражында тұратын. Қарапайым азаматтарға жаңа көлік сатылмады, бағасы ГАЗ-24-тен екі-үш есе жоғары седанды тек есептен шығарылған соң алуға болатын еді.